Футбол • Бүгін, 11:20

Максим Самородов «Ахматқа» жеңіс сыйлады

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының 19-турында ЦСКА қақпасына жеңіс голын соғып, «Ахматқа» маңызды үш ұпай сыйлады. Тізгінін Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов ұстап отырған команда, мәскеулік ұжымды 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Максим Самородов «Ахматқа» жеңіс сыйлады

Фото: ашық дереккөз

Негізінде, «Ахмат» өз алаңында 39 жастағы қақпашы Игорь Акинфеев қорғаған қақпаны үш рет дәл көздеген. Алайда төреші Сергей Карасев Лечи Садулаев пен Сергей Пряхиннің голдарын офсайд деп есептеп, нәтижені тіркемеді. Ал Самородовтың добы ереже аясында соғылды.

Кездесудің 4-минутында ақтөбелік футболшы айып алаңы сызығына жуық тұстан жойқын соққы жасап, доп қорғаушыға тиіп, қақпаның бұрышына бағыт алды. Бұл – оның биылғы Ресей чемпионатындағы үшінші голы және «Ахмат» сапындағы 125 матчтағы 25-ші нәтижелі соққысы.

«Елімай» футбол клубына демеуші табылды

Қысқы үзілістен кейін қайта жалғасқан Ресей Премьер-лигасының матчтарында көш басындағы үш команда – «Краснодар», «Зенит» және «Локомотив» – өз алаңдарында жеңіске жетті. «Краснодар» «Ростовты» 2:1 есебімен ұтса, петерборлықтар «Балтиканы» 1:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойында отандасымыз Нұралы Әліп алаңға матч соңында шықты. Ал мәскеулік «Локомотив» «Пари Нижний Новгородты» 2:1 есебімен жеңді.

«Сочи» мен «Спартак» арасындағы кездесу ұшқышсыз аппараттар шабуылы қаупіне байланысты кейінге қалдырылды.

Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды

19 тур қорытындысы бойынша «Ахмат» турнирлік кестеде жетінші орында келеді. Олар бір ұпай артықшылықпен Динамо Москва командасынан алда тұр. Аталған клуб сапындағы отандасымыз Бахтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты «Крылья Советовқа» қарсы (4:0) матчқа қатысқан жоқ.

Грозныйлықтар келесі ойынын 9 наурыз күні Мәскеуде «Локомотивке» қарсы өткізеді.

Соңғы жаңалықтар