Фото: Қарағанды облысы әкімдігі
Байқаудың қорытындысы бойынша 5 миллион теңге көлеміндегі бас жүлдені иеленіп, еліміздің ең үздік қымыз өндірушісі атанған – «Қарқаралы Ақтерек» бренді. Жүлдегерлер қатарында сондай-ақ Қарқаралы өңірінің «Тоқпан қымызы» және Ұлытау облысының «Жаңаарқа қымызы» болды.

Фестиваль қонақтарына шамамен 30 тонна қымыз ұсынылды.
Іс-шара аясында этноауылдар жұмыс істеп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, гастрономиялық алаңдар және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Биылдан бастап BaiQymyz фестивалі республикалық мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізіліп, жыл сайын өткізілетін болады.
Еске салайық, Астанада «Қазанат» ипподромында 2025 жылы шілде айының 19-20 күндері бұрын-соңды болмаған көлемдегі «BaiQymyz – бапталған қымыз және ұлттық тағамдар» гастрофестивалі өткені мәлім.