Фото: Ашық дереккөз
Бүлдіршіннің мәйіті Әйтек су торабынан ағыс бойымен шамамен 30 шақырым төмен жерден, Сырдария өзенінен табылған. Құтқарушылар мәйітті су айдынынан шығарып алған.
Еске салайық, Медина 5 маусым күні кешкі уақытта Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің жағалауына жақын орналасқан «Рисмаш» ауданындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған болатын. Осыдан кейін өңірде ауқымды іздестіру жұмыстары басталды.
Іздеу операциясына құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды. Сондай-ақ дрондар, қызметтік иттер, қайықтар және сүңгуірлер тартылып, өзен бойы мен оған іргелес аумақтар бірнеше тәулік бойы мұқият тексерілді.
Бұған дейін Талдықорғанда жоғалып кеткен ерекше баланың мәйіті табылғаны туралы жазған едік.