
Білім • 21 Шілде, 2022
Қосымша білім беру қожырап тұр
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қ.Тоқаев қосымша білім беру саласындағы түйткілге тоқталып, бұл – өскелең ұрпақтың қарым-қабілетін дамыту үшін қолға алынған бастама екенін, қосымша спорттық және шығармашылық білім беру ісіне мемлекет тапсырысы бойынша қаржы бөлінетінін атап көрсеткен еді.
Қоғам • 21 Шілде, 2022
Балабақшалардың бәрі лицензияланады
«Балапан» бағдарламасы аясында 3-6 жастағы балаларды 100 пайыз балабақшамен қамту жоспары жүзеге асырылғаны белгілі. Соның негізінде жеке балабақшалар көптеп ашылды. Жоспар орындалғанымен, сапа нашарлады. Енді лицензия алған балабақшалар ғана жұмыс істемек.
Білім • 21 Шілде, 2022
Алтын медальға – 4,5 млн теңге
Қазақстандық оқушылар халықаралық пән олимпиадаларында ел намысын қорғап, жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Газетіміздің өткен нөмірлерінде физика мен математика пәндерінен халықаралық жарыста топ жарған өрендеріміз туралы жазып, сүйіншілеген едік. Міне, енді дарынды дарабоздарымыздың Географиядан халықаралық олимпиададағы жетістігін сүйіншілеудің сәті түсіп тұр.
Білім • 18 Шілде, 2022
Талғамай оқудың пайдасы бар ма?
Қосымша курсқа жазылғанмын. Кезекті сабаққа уақтылы бардым. Бірақ әлі аудитория біздің алдымыздағы топтан босамапты. Содан сөмкемдегі кітапты суырып алдым да, келген жерімнен жалғастыра оқи кеттім. Малайзиядан оқып келген мұғалім алдыңғы топпен жұмысын аяқтап, маған жақындады да: «Кітапты көп оқисың ба?», деп сұрады.
Білім • 18 Шілде, 2022
Ой жарыстырған оқушылар олжасы
Өткен аптада Қазақстан атынан қатысқан дарынды дарабоздар екі бірдей халықаралық пән олимпиадасынан үздік нәтиже көрсетіп, ел қоржынына алтын, күміс, қола медальдар салды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы халыққа Жолдауында дарынды балаларды қолдау шараларын әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай енді жоғарыдағы жарыстардың жеңімпаздары отандық ЖОО-ға ҰБТ тапсырмай-ақ оқуға түсе алады.
Білім • 15 Шілде, 2022
Жоғары оқу орнының іргетасы қаланды
Елордада жаңа форматтағы инновациялық жоғары оқу орны салынбақ. Кеше сол университеттің капсуласы қаланды. Салатанатты рәсімге Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек, BI Group және провост Стивен Хансон бастаған Мичиган штатының университеті делегациясының мүшелері қатысты.
Білім • 13 Шілде, 2022
Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау: Конкурс қаншалықты қауқарлы?
Мұғалімдер бұдан былай жұмысқа конкурс арқылы қабылданады. Осыған орай арнайы бұйрық шықты. Нормативтік құжатқа негізделген конкурстың талаптарын жақында тиісті министрлік таныстырды. Бірақ сала мамандарының келіспейтін тұстары, оған қатысты өз уәжі бар.
Білім • 10 Шілде, 2022
51 мыңға жуық талапкер шекті балл жинай алмады
Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. Тапсырушылардың 51 мыңға жуығы (33%-ы) шекті балл жинай алмады. Түлектердің 76%-ға жуығы қазақ тілінде, 24%-ы орыс тілінде, 0,1%-ы (213 бала) ағылшын тілінде тапсырды. ҰБТ-ның қорытындысына қатысты осы және өзге жаңалықтар Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Білім • 08 Шілде, 2022
Студенттер өз өнімдерін саудалады
Бұған дейін кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ізденушілеріне қатысты жаңа заңнамалық өзгеріс енгізілгенін хабарлағанбыз. Бұл өзгеріс мемлекеттік колледждердің студенттеріне оқуын тоқтатпай-ақ жұмыс істеп, еңбекақы алуға мүмкіндік берді. Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, 2021-2022 оқу жылында қабылданған заңнамалық нормалардың арқасында мыңдаған студент табыс тауыпты.
Білім • 08 Шілде, 2022
1-сыныпқа баратындардың көбі қазақ сыныбын таңдады
Еліміздегі балаларды 1-сыныпқа қабылдау жүргізіліп жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, үш айдың ішінде балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 320 мыңға жуық өтініш түсіп үлгерген. Оның ішінде балалардың 70%-ға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдады.