
Білім • 24 Мамыр, 2022
Ауыл балаларына арналған «Мың бала» олимпиадасының нәтижесі шықты. 150 мыңнан аса оқушы олимпиадада бақ сынауға өтінім берген. Жеңімпаздар республикалық маңызы бар мамандандырылған мектептерге конкурссыз қабылдана алады.
Білім • 23 Мамыр, 2022
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды. Бұл бағдарламамен шетелдердегі жетекші жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура, резидентураға түсуге және ғылыми-тәжірибелік тағылымдамадан өтуге болады.
Білім • 23 Мамыр, 2022
Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді
Елордадағы №49 мектепке Алаш ардақтысы Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді. Оқу ошағына Алаш қайраткері, жазушы, драматург, әдебиетші, тілші, тарихшы, көсемсөз шебері Қошке Кемеңгерұлы есімінің берілуіне байланысты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. «Бақытты келешектен үміт жібін кеспеймін» атты салтанатты іс-шараға қаламгер Қошке Кемеңгерұлы ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері, мектеп мұғалімдері, оқушылары, ата-аналар қауымдастығы қатысты.
Білім • 19 Мамыр, 2022
Студенттер кеңес беру жобасына қатысады
Жақында елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жанынан «Жер мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру» орталығы ашылды. Енді аталған оқу орнының студенттері азаматтарға кеңес беру жобасына қатыспақ.
Білім • 17 Мамыр, 2022
1,5 млн бала сауықтыру лагерьлерінде демалады
Жазғы сауықтыру науқанын қаржыландыруға жалпы көлемі 4,53 млрд теңге бөлінген. Осы қаражатқа алдағы жазда елімізде 1,5 млн-ға жуық бала сауықтыру лагерьлерінде демалады. Бірақ олардың барлығы бірдей сапалы демалыс орындарымен қамтамасыз етілген бе? Осы және өзге де өзекті мәселелер туралы Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында айтылды.
Білім • 17 Мамыр, 2022
Қазақстандық озат оқушылар Кипрде өткен халықаралық білім жарысынан олжалы оралды. Математикадан биылғы Балқан олимпиадасында қоржынға 2 күміс және 4 қола салынды. Осылайша, елдің ұлттық құрамасы былтырғы нәтижені жақсартты.
Ғылым • 17 Мамыр, 2022
Ғалымдар мұғалімдерге кеңес берді
Отандық ғалымдар мұғалімдерге оқушылардың ғылыми жұмыстарын тиімді дайындау жолдары жөнінде кеңес берді. Семинарға Алматы облысының Қарасай ауданындағы мектептердің 200-ден аса педагогі қатысты.
Ғылым • 16 Мамыр, 2022
Ағаштарға қауіпті бактерияны анықтайды
Қазақстандық ғалымдар ағаштарға зиян келтіретін қауіпті бактерияны анықтаудың жаңа жүйесін ойлап тапты. Бұл – ағаштардың ДНҚ-сында Erwinia amylovora бактериясын жоғары дәлдікпен анықтайтын тест-жүйелер. Отандық жүйе шетелдік аналогтерден бірнеше есе арзан және еліміздегі бағбандарға қолжетімді.
Ғылым • 16 Мамыр, 2022
Сүйекті алмастыратын материал жасалды
Шетелдік аналогтен үш есе арзан сүйекті алмастыратын материал – отандық ғылымның жаңа жетістігі. Иә, жақында қазақстандық ғалымдар сүйектерді қалпына келтіруге арналған қолжетімді биоматериал-гидроксиапатит әзірледі. Еліміздегі компаниялар тауардың алғашқы партиясын сатып алып үлгерді.
Білім • 16 Мамыр, 2022
Биыл өтетін негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге құжат қабылдау басталды. Бұл – маңызды тестілеу. Өйткені соның нәтижесі бойынша талапкер мемлекеттік білім грантын иелене алады. Биылғы ҰБТ-ның жаңалығы – талапкер тегін оқуға мүмкіндік беретін басты тестілеуді екі рет тапсыра алады. Соған сай талаптар да күшейтілген. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтылды.