
Білім • 29 Сәуір, 2022
«3. 2. 1. Старт!» байқауы мәресіне жетті
Жүлде қоры 5 млн теңгені құрайтын республикалық байқау мәресіне жетті. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға дайын белсенді жастардың жобаларын қолдауға бағытталған.
Ғылым • 29 Сәуір, 2022
Отандық ғалымдар елімізде көбелектің жаңа түрін тапты. Бұл – елімізде бұрын кездеспеген, ерекше лепидоптера жәндіктері. Ғылым тілінде мұны түнгі Catocala helena көбелектері деп атайтын көрінеді.
Ғылым • 29 Сәуір, 2022
Елімізде отандық ғылымның насихатталуына мүдделі жандардың бастамасымен жаңа сайт ашылды. Әлеуметтік желідегі қарапайым ғылыми топтан бастау алған жоба көпшілік оқырманға арналған. Жаңа сайт gylym.kz деп аталады.
Ғылым • 29 Сәуір, 2022
Майя Миталипова: Ғылымда шекара жоқ
Әлемнің қай бұрышында тұрып, қандай зерттеу жүргізіп жүрсе де отандық ғылымның мәртебесін көтеріп жүрген жандар жетерлік. Оған қазақстандық білімнің ешбір елден кем емес екенін дәлелдеген шетелдердегі ғалымдарға қарап көз жеткізіп келеміз. Солардың бірі – биология ғылымдарының PhD докторы Мая МИТАЛИПОВА. Алматы облысының тумасы қазір атақты МІТ-дегі (Massachusetts Institute of Technology) зертхананы басқарып отыр. Біз ғалыммен бейне-байланыс арқылы әңгімелескен едік, оқырмандарға ғылыми әңгімені ұсынамыз.
Білім • 27 Сәуір, 2022
Университет вымпелі ғарышта болды
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің вымпелі Халықаралық ғарыш стансасына жіберілді. Бұл іс-шара жоғары оқу орнының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.
Білім • 21 Сәуір, 2022
Еуроодақтың проблемасын елордалық студенттер талқылады
Елордалық ЖОО студенттері Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің бастамасымен өткізілген іскерлік ойынға қатысты. Студенттердің әрқайсысы белгілі бір экологиялық проблема бойынша түрлі мемлекеттің ұстанымын көрсетті.
Білім • 21 Сәуір, 2022
Жоғары оқу орындарында білім алуға берілетін мемлекеттік грант саны тағы да артты. Былтыр 51 мыңнан 56 мыңға көбейген еді. Биыл бұл көрсеткіш 73 мыңға жетпек.
Білім • 15 Сәуір, 2022
Наурыздағы тестілеуге 99 талапкер кіргізілмеді
Наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге барлығы 105 мыңға жуық адам қатысқан. Олардың ішінде түлектердің 78,2%-ы қазақ тілінде, 21,7%-ы орыс тілінде, 0,2%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті. 72 талапкер 130-дан жоғары балл жинады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Ғылым • 15 Сәуір, 2022
NASA-ның білім грантын жеңіп алды
Қазақстандық оқушы атақты NASA-ның білім грантын жеңіп алды. Қағілез қыз Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінде оқиды.
Білім • 15 Сәуір, 2022
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде елордалық оқушыларға Радиоэлектроника үйірмесі ашылды. Оқыту бағдарламасы теориялық және тәжірибелік сабақтардан тұрады. Мұнда қосымша білім алушыларды құрал-жабдықтарды құрастыра білуге баулиды. Осы арқылы олардың техникалық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту көзделген.