
Білім • 27 Сәуір, 2022
Университет вымпелі ғарышта болды
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің вымпелі Халықаралық ғарыш стансасына жіберілді. Бұл іс-шара жоғары оқу орнының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.
Білім • 21 Сәуір, 2022
Еуроодақтың проблемасын елордалық студенттер талқылады
Елордалық ЖОО студенттері Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің бастамасымен өткізілген іскерлік ойынға қатысты. Студенттердің әрқайсысы белгілі бір экологиялық проблема бойынша түрлі мемлекеттің ұстанымын көрсетті.
Білім • 21 Сәуір, 2022
Жоғары оқу орындарында білім алуға берілетін мемлекеттік грант саны тағы да артты. Былтыр 51 мыңнан 56 мыңға көбейген еді. Биыл бұл көрсеткіш 73 мыңға жетпек.
Білім • 15 Сәуір, 2022
Наурыздағы тестілеуге 99 талапкер кіргізілмеді
Наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге барлығы 105 мыңға жуық адам қатысқан. Олардың ішінде түлектердің 78,2%-ы қазақ тілінде, 21,7%-ы орыс тілінде, 0,2%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті. 72 талапкер 130-дан жоғары балл жинады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Ғылым • 15 Сәуір, 2022
NASA-ның білім грантын жеңіп алды
Қазақстандық оқушы атақты NASA-ның білім грантын жеңіп алды. Қағілез қыз Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінде оқиды.
Білім • 15 Сәуір, 2022
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде елордалық оқушыларға Радиоэлектроника үйірмесі ашылды. Оқыту бағдарламасы теориялық және тәжірибелік сабақтардан тұрады. Мұнда қосымша білім алушыларды құрал-жабдықтарды құрастыра білуге баулиды. Осы арқылы олардың техникалық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту көзделген.
Ғылым • 13 Сәуір, 2022
Мемлекет қаражаты ақталуымен құнды
Ғылым саласын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артты. Отандық вакцина әзірленіп, 50-ден аса ірі бағдарламалық ғылыми жоба іске асырылып жатыр. Осы және өзге де оң өзгерістер мен нәтижелер туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Ғылым • 12 Сәуір, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа былтырғы Жолдауында «Ғылым саласын дамыту – біздің маңызды басымдығымыз» деп атап өткен болатын. Сондай-ақ ел Президенті отандық ғылымды ілгерілетуге бағытталған нақты тапсырмалар берді. Соның нәтижесінде іргелі ғылыммен айналысатын ғылыми-зерттеу институттары тікелей қаржыландырылып, ал бұрын грантпен ғана күн көріп келген 2 500-ге жуық ғалым енді тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы алатын болды. Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды. Ұлттық ғылыми кеңес шешімдерінің апелляция институты енгізілді. Ғылым саласындағы өзекті мәселелерді бас басылым ұдайы назарда ұстап келеді. Сәйкесінше, тиісті ведомстволар тарапынан көтерілген мәселелерге назар аударылып, дер кезінде шешімін таба бастады. Осындай оң өзгерістердің басы-қасында ғылымға жанашыр ғалымдардың өздері жүр. Бұл – айқын да анық дүние. Абай «Ғылым таппай мақтанба!» деп өсиет етті. Egemen Qazaqstan газетінде ғылымға арналған мақалалар топтамасы жиі ұйымдастырылады. Бұл айдарлар аясында ілім іздеген, ғылым тапқан, алайда көп танылмаған отандық ғалымдарды қоғамға үлгі етуде. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңінде тұралап қалған ғылым саласы қазір қарқын алып келеді. Оған қазақстандық ізденушілердің ғылыми, өнертабыс жаңалықтары мен халықаралық рейтингтегі беделіне қарап көз жеткізуге болады.
Ғылым • 12 Сәуір, 2022
15 ғылыми жобадан – 346 млн теңге табыс
2021 жылы қазақстандық ғалымдардың 15 ғылыми жобасын экспорттаудан 346 млн теңгеден аса табыс түскен. Жобалар Қытай, Ресей, Түркия, Грузия, Чехия, Қырғызстан сияқты елдерге экспортталды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Білім • 07 Сәуір, 2022
Тағы бір жоғары оқу орны жабылды
Елімізде тағы бір жоғары оқу орны жабылды. Бұл – Атырау инженерлік-гуманитарлық институты. Аталған оқу орнын бас лицензиядан айыру туралы шешімді Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шығарған.