Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
670 материал табылды

Білім • 27 Қыркүйек, 2024

Мектептер тексеріледі

Еліміздегі 2,5 мыңға жуық мектеп тексеріледі. Аталған тексеріс білім сапасын қамта­­масыз ету бойынша жүргізілмек. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Мектеп • 26 Қыркүйек, 2024

Шағын мектептердің сапасы артады

Еліміздегі бес өңірде шағын жинақты мектептердің әлеуетін арттыру бағытындағы жоба қолға алынбақ. Аталған жоба келесі жылдан бастап іске қосылады. Қазір қанатқақты жоба ретінде жүзеге асы­рылып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Ғылым • 26 Қыркүйек, 2024

Ғылыми байланыстың жаңа кезеңі

Ғылым академияларының халықаралық қауымдастығы кеңесінің 37-мәжілісі өтті. Осы жолы Ресей Ғылым академиясының 300 жыл­дығына арналған Мәскеудегі іс-шараға Ресей, Қытай, Қазақстан, Беларусь, Армения, Вьетнам, Қырғызстан, Өзбекстан, Черногория, Әзербайжан, Куба елдерінің Ұлттық ғылым академиясының өкілдері қатысты.

Ғылым • 26 Қыркүйек, 2024

Технологиялық талқылау

Кезекті ғылыми-технологиялық хакатон өтті. Бұл жолғы басқосу уран өндірісінің өзекті мәселелерін талқылауға арналды. Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараға отандық, шетелдік ғалымдар мен ғылыми-зерттеу институттарының мамандары қатысты.

Ғылым • 21 Қыркүйек, 2024

Қазақ-неміс ғылыми байланысы бекиді

Отандық ғылым қоры мен Германияның ең ірі ғылыми ұйымы – Неміс зерттеу қорының (Deutsche Forschungsgemeinschaft, DFG) өкілдері кездесті. Кездесуде технологияларды коммер­цияландыру саласындағы неміс ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірлескен ғылыми жобаларды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Білім • 20 Қыркүйек, 2024

Жаңарған сабақ пен дағды

Оқу бағдарламалары заман талабына қарай жаңартылып отыруға тиіс. Бұл қандай талап болуы мүмкін? Білім сарапшылары, сыншылары, баласының біліміне бейжай қара­майтын ата-аналар оқушылар мен студенттердің өмір­лік қарапайым дағдыларды меңгеруі керек екенін, соған сай оқу бағдарламасы қайта қаралуы қажеттігін ара­гідік айтып жүр. Міне, осы ой ескерілді ме, биылғы 1 қыр­­күйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйы­мына «қауіпсіздік сабағы» деп аталатын жаңа пән енгізілді.

Үкімет • 20 Қыркүйек, 2024

Технологиялық тұрақтылық талқыланды

Қазақстан мен Ресейдің жоғары білім саласындағы ынты­мақтастығы талқыланды. Аталған талқылау Ресей Феде­ра­циясының Түмен қаласында өткен TNF–2024 өнеркәсіп және энергетика форумы аясында ұйымдастырылған. Жиынға Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов қатысты.

Білім • 19 Қыркүйек, 2024

Франциядан жеткен жеті жүлде

Отандық колледж студенттері «WorldSkills-2024» жұмысшы маман­дықтарының әлемдік чемпионатында 7 медальон жеңіп алды. Француз қаласы Лионда өткен «WorldSkills Lyon-2024» 47-халықаралық кәсіби шеберлік сайысына 69 елден 1500-ге жуық колледж студенті қатысты. Былтыр Қазақстан құрамасы Гданьск қаласында өткен «EuroSkills» чемпионатында 2 медаль және 4 медальон жеңіп алған еді. Биылғы ірі жарыс­та нәтиже айтарлықтай жақсарған.

Білім • 12 Қыркүйек, 2024

Колледждер жанынан кәсіпорын құрылады

Елімізде колледждер базасында шағын кәсіпорындар құрылып жатыр. Аталған кәсіпорындар студенттердің кәсіпкерлік, бизнес-жоспарлау және стартап жобаларды дамыту бойынша білім алуына жағдай жасау мақсатында ашылмақ.

Білім • 05 Қыркүйек, 2024

«Жайлы мектептерге» директорлар тағайындалды

Жаңа оқу жылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған алғашқы оқу ошақтары ашылған еді. Енді осы мектептерге «Білім берудегі өзгерістердің мың көшбасшысы» бағдарламасына қатысқан ­20 білікті маман директор болып тағайындалды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.