
Қоғам • 15 Тамыз, 2019
Жер-жаһаннан өзгеріске ұмтылған жастар жиналады
40-тан астам елдің жас көшбасшылары мен әр деңгейлі делегаттары елордада ұйымдастырылатын «Өзгерістерге ұмтылыс» (Passion for change) атты халықаралық жастар конференциясында бас қоспақ. Тамыздың 16-20 аралығында өтетін ауқымды шараға әлемнің әр елінен және отандық әр сала майталмандарынан 65 спикер келеді деп күтілуде. Ал жалпы қатысушы делегаттар саны қазірдің өзінде 500-ден асып үлгерген.
Қоғам • 15 Тамыз, 2019
Докторант даярлаудағы дәрменсіздік
Ертең елордада дәстүрлі Тамыз кеңесі өтеді. Биылғы іс-шараның бір ерекшелігі, Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, педагогтар кеңесіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатыспақ. «Keleshekke – kemel bilimmen» тақырыбында болатын конференцияның пленарлық отырысына 2 мыңнан астам делегат шақырылған. Тәрбиені ту етіп, бала бойына ілім нәрін құюды парыз санайтын педагог қауым – бас басылымның басты оқырмандары. Осыған орай ел газеті жауапты саланың салмақты жүгін жұмыла көтеруге атсалысып, білім беру жүйесінің әр сатысындағы түйткілді тақырыптарды ұдайы қаузап келеді. Балабақшадан бастап, жоғары білімге дейін қамтып, жақында қоғам белсенділері мен майталман мамандардың тұщымды ойларына өзек болған магистратура жайындағы мақала жарияланды. Білім беру қызметкерлерінің әр жаңа оқу жылындағы кәсіби «компасындай» болған Тамыз кеңесінің қарсаңында докторантура туралы сараптаманы назарларыңызға ұсынамыз.
Қоғам • 07 Тамыз, 2019
Жастарға арналған жобаларда бақ сынаңыз
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Bolashaq» қауымдастығы қолға алған қос бастама таныстырылды. Алаңға жиналған спикерлер «Нетворкинг және жастар ұйымдарының тәжірибе алмасуы» жобасы мен «Jastar Otanga» инновациялық идеялар байқауы туралы баяндама жасады.
Қоғам • 06 Тамыз, 2019
Магистратура: жаңа талап тиімді ме?
Білім және ғылым министрлігі жыл басында магистратураға түсу талаптарының өзгертілгенін хабарлаған-ды. Министрліктің мәлімдеуінше, ондағы өзгерістер жоғары білім сапасы мен университеттердегі бәсекелестікті арттыруға, үнемі қоғам талқысынан түспей келе жатқан гранттардың ашық та әділ бөлінуі төңірегіндегі күдікті ойға нүкте қоймақ. Десе де халықаралық тәжірибе бізге бейімделді ме? Бұл талап расымен де майталман маманды таңдап бере ала ма?
Қоғам • 05 Тамыз, 2019
«Мектепке жол» акциясына атсалысыңыз, ағайын!
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Мектепке жол» акциясы бұрынғыдай 2 ай ғана емес, жыл бойы жүргізілмек. Осыған орай мұқтаж азаматтар мен қайырымды жандардың арасында көпір болуды көздейтін «Менің атамекенім» қоғамдық бірлестігінің порталында «Мектепке жол» жаңа платформасы іске қосылды.
Қоғам • 30 Шілде, 2019
Жақында ғана Шымкентте ескі гараждан үш жарым жасар қыздың денесі табылды. Құзырлы органдар оны құсыққа шашалып қайтыс болды деген қорытындыға келсе, анасы денесінде жарақаттары, көгерген іздері бар екенін алға тартып әрі куәгерлердің айтуынша, киімсіз табылған балауса өлімінің сараптамасына сенбейді. «Бала өмірі – басты назарда» деп аттандасақ та, неге олардың сұмдық жағдайда жәбірленуі жиілеп кетті? Салдарына емес, себебіне үңіліп көрейікші.
Қазақстан • 22 Шілде, 2019
Дүниежүзілік туризм ұйымының (ДТҰ, World Tourism Organization) жыл басында әзірлеген статистикалық көрсеткіштеріне сүйенсек, әлемдегі саяхаттаған туристердің үлес салмағы өткен жылы 1,4 миллиардты құрап, 6 пайызға өскен. ДТҰ-ның болжамынша, 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 миллиардқа жетеді. Өйткені қазірдің өзінде туризмнен түскен табыс тұрақты түрде мұнай өнімдері мен автомобиль экспортынан кейінгі үшінші орынды басқа салаға бермей келеді. Ал осы қарқынды индустрияның біздегі қауқары қалай?
Аймақтар • 19 Шілде, 2019
20 әйел «Жәрдем» жобасымен тігіншілік курсынан өтті. Олардың арасында көп балалы аналар, өмірдің қиын жағдайына тап болған балалармен отырған немесе түрлі жайтқа орай үйден шыға алмайтын әйелдер бар. Шараны Nur Otan партиясы жанындағы Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес Тұңғыш Президент – Елбасы қоры мен «Ютария» тігін фабрикасының қолдауымен ұйымдастырды.
Қоғам • 18 Шілде, 2019
Бала еңбегі: қажеттілік пе, тәрбие ме?
Абай атамыздың «Жаздыгүн шілде болғанда» деген сөзі ойға оралғанда бірден балалардың алаңсыз асыр салып ойнап жүргені көз алдыңа келеді. Оқушылар каникулға шығып, бір бөлігі лагерь жағалап, шамасы жеткені ата-анасымен шетел асып қыдырады. Ауылдың қарадомалақтары қаланы көргісі келсе, қаланың балалары ауылдағы ата-әжесіне тартып тұрады. Осылардан елеусіздеу тағы бір топ бар, олар – жұмысшы балалар.
Қоғам • 09 Шілде, 2019
Толғауы тоқсан әлеуметтік көмек
Елбасы Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінде көп балалы аналарға жәрдемақы төлеудің жаңа үлгісін Үкіметке ұсынды. Оның негізінде тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) әрбір балаға 21 мың теңгеден айналуы тиіс екенін айтқан. Сәуірде тағайындалуы тиіс көмекке осы уақытқа дейін қол жеткізе алмай жүрген азамат жақында редакциямызға хабарласты.