Спорт • 26 Мамыр, 2022
Семей қаласында даңқты балуан, Мәскеу Олимпиадасы мен КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы, Еуропа біріншілігі мен Әлем кубогының күміс жүлдегері, Одақтың екі дүркін чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өз мәресіне жетті.
Спорт • 25 Мамыр, 2022
Мұрат Сиқымбаев: «Қазақ стилінің» жарқын жеңістері әлі алда
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы өткен кәсіпқой бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы британиялық Дэнни Дигнумды екінші раундта ұрып жығып, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» әлем чемпионы атанғаннан кейін қазақтың қайсар ұлын бала кезінен баптаған жеке бапкері, еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұрат Сиқымбаевқа хабарласып, төл шәкіртінің жарқын жеңісімен құттықтаған едік.
Спорт • 25 Мамыр, 2022
Дзюдодан Испанияның Малага қаласында жастар арасында Еуропа кубогы сарапқа салынды. Бұл жарысты Қазақстан құрамасы үш жүлдемен қорытындылады.
Спорт • 25 Мамыр, 2022
Әйгілі vRINGe.com интернет-журналының жаңартылған рейтингінде қазақтың кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы бір сатыға жоғарылап, төртінші орынға табан тіреді.
Спорт • 25 Мамыр, 2022
Польшаның Владиславово қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде қазақстандық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев табысты өнер көрсетті.
Спорт • 24 Мамыр, 2022
«Джиро д’Италия» көпкүндігінің 15 кезеңі Ривароло мен Конь өңірлері аралығында өтті. Таулы аймақта өткен 178 шақырымдық қашықтықта Джулио Чикконеге тең келер ешкім табылмады.
Спорт • 24 Мамыр, 2022
Жексенбіде футболдан Қазақстан чемпионатының 12 туры аясында өткен тағы үш кездесуді тамашаладық. Бұл бәсекелердің барлығы да алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Спорт • 24 Мамыр, 2022
Иранның бас шаһары – Тегеранда волейболдан ерлер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты аяқталды. Өкінішке қарай, бұл жарыста «Тараз» жеңіс тұғырына көтеріле алмады.
Спорт • 24 Мамыр, 2022
«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой!»
«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой!», «Ан мықты ма? Кан мықты ма?», «Гол кірмесе кірмесін, тек Дюгарри аман болса екен», «Бір голдың болатыны сөзсіз бүгін, дәл қай минутта екенін айта алмаймын», «Барысша атылып, кенеше жабысты», «Түйенің қос өркешіндей жарасып келе жатқан Фло мен Каннаваро», «Қырық жыл қорғаныста ойнаппыз. Мүмкін шабуылдау керек пе еді?», «Былай қарасаң, екі қол, екі аяқ біздің де футболшыларда бар, иә?», «Аюдың апанындай қақпа тұрғанда, алақандай ғана маңдайшаға тигені несі депті ауылдағы бір апамыз», «Ойбай-ау, Мұхтархан ұйықтап жүріп осылай бокстасса, оянып кетсе, онда не болады?»...
Спорт • 23 Мамыр, 2022
Үш балуанымыз үздіктер тізімінде
Біріккен күрес әлемінің (UWW) рейтингі қайта жаңартылды. Еркін күрес шеберлерінің «ТОП-10» балуаны санатында Қазақстанның үш өкілі бар. Олар – Нұрислам Санаев, Азамат Дәулетбеков және Олег Болтин. 57 кило салмақтағы үздіктер тізімінде Нұрислам алтыншы орынды иеленсе, алыптар арасында Олег жетінші орынға жайғасты. Ал 86 килодағы Дәулетбеков сегізінші сатыға табан тіреді. Өкінішке қарай, өзге отандастарымыз мықтылар қатарына қосыла алмады.