Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3414 материал табылды

Спорт • 16 Мамыр, 2022

«Акула» мансабын аяқтайды

Бұл күндері Апеннин түбегінде «Джиро д’Италия» көпкүндігі өтіп жатқаны белгілі. Катания мен Мессина аралығын жалғаған бесінші кезең мәреге жеткен бетте «Астана» клубының сапында өнер көрсетіп жүрген Италияның әйгілі велошабандозы Винченцо Нибали биыл өзінің спорттық мансабын аяқтайтынын көпшілік алдында жария етті.

Спорт • 16 Мамыр, 2022

Тегераннан жақсы жаңалық күтеміз

Сенбіде Иранның бас шаһары – Тегеранда волейболдан ерлер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты басталды. Бұл жарыс 12 мың көрерменге есептелген «Азади» спорт кешенінде өтуде. Сары құрлықтың ең үздік алты командасы бас қосқан бәсекеде Қазақстанның «Тараз» клубы да өнер көрсетуде.

Спорт • 16 Мамыр, 2022

Мықтылардың біразы ұтылды

Бокстан әйелдер арасындағы Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты нағыз қызған шағына жетті. Соңғы күндері тағы бірнеше боксшымыз шаршы алаңға көтерілді. Өкінішке қарай, жарыс бел ортаға жетпей жатып, біраз белді былғары қолғап шеберлеріміз жеңілістің кермек дәмін татты. Бұл жағдай қазақстандық жанкүйерлерді қатты қынжылтты.

Спорт • 13 Мамыр, 2022

Мугурусадан мерейін асырды

Теннистен Италияда өтіп жатқан ірі халықаралық турнирдің екінші кезеңі аяқталды. Қазақстанның ойыншылары арасынан алғашқы болып Елена Рыбакина кортқа шықты.

Спорт • 13 Мамыр, 2022

Арно Демар дара шықты

«Джиро д’Италия» көпкүндігінің бе­сінші кезеңі 30 жастағы Франция­­ның велошабандозы Арно Демардың ­(Grou­pama-FDJ) жеңісімен аяқ­талды.

Спорт • 13 Мамыр, 2022

Балуандар табысы қомақты

Бразилияда өтіп жатқан Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетуде. Бұл жолы қоржынымыз тағы төрт медальмен толықты.

Спорт • 13 Мамыр, 2022

Жеңісті дәстүрдің жұрнағы да қалмады

Таиландтың бас шаһары – Бангкокта көгалдағы хоккейден ерлер арасындағы ХІХ жазғы Азия ойындарының іріктеу турнирі аяқталды. Аталған жарыста тоғыз команда күш сынасты. Өкінішке қарай, жерлестеріміз Тай елінде тым сүреңсіз өнер көрсетіп, өз жанкүйерлерін жерге қаратты. Алғашқы айналымдарда алаң иелері мен Оманға есе жіберген олар үшінші турда Өзбекстанмен тең ойнады. Одан кейін Гонконгтан ұтылды. Соңғы матчтағы сәтсіздік Қазақстан құрамасын Азиадада өнер көрсету мүмкіндігінен айырды.

Спорт • 13 Мамыр, 2022

Қатарымыз сирей бастады

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының бесінші күні төрт боксшымыз рингке көтерілді. Олар – Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова, Аида Әбікеева және Надежда Рябец. Сондай-ақ Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) туы астында Ангелина Лукас өнер көрсетті.

Спорт • 12 Мамыр, 2022

Римде өнер көрсетуде

Италияның астанасы – Римде «Үлкен дулыға» санатындағы Ролан Гаррос жарысына соңғы дайындық ретінде ұйымдастырылатын теннисшілердің ірі турнирі өтуде. Ерлер арасындағы жарыстың жүлде қоры 5 415 410 еуроны құраса, әйелдер 2 527 250 еуроны бөліске салып жатыр.

Спорт • 12 Мамыр, 2022

Көрсеткішке көңіліміз толмады

Апеннин түбегінде өтіп жатқан «Джиро д’Италия» көпкүндігінің төртінші кезеңі артта қалды. «Астананың» сер­кесі Винченцо Нибали бұл жолы 31-орынды қанағат тұтты.