Спорт • 12 Мамыр, 2022
Қазіргі кезде әлемнің бірқатар мемлекетінде спорттың сан түрінен аса ірі халықаралық жарыстар өтуде. Сол сайыстарда Қазақстанның өрендері де өнер көрсетуде.
Спорт • 12 Мамыр, 2022
Грекияның Ираклион қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем біріншілігі өз мәресіне жетті. Бұл жарыста Қазақ елі намысын сегіз спортшы қорғады. Төрткүл дүниенің әр қиырынан жиналған толағайлардың тартысында жерлестерімізге екі жүлде бұйырды.
Спорт • 12 Мамыр, 2022
Қыздарымыз жарысты жеңіспен бастады
Түркияның Ыстанбұл қаласында шымылдығы түрілген бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы күндері Қазақстанның екі былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығып, екеуі де өз жанкүйерлерін қуантты.
Спорт • 11 Мамыр, 2022
Елена Рыбакина бір сатыға жоғарылады
Жаңартылған әлемдік рейтингінде қазақстандықтар арасында ең үздік нәтиже Елена Рыбакинаға тиесілі. WTA тізімінде 22 жастағы теннисшіміз бір сатыға жоғарылап, қазіргі кезде 17-орынды иеленуде.
Спорт • 11 Мамыр, 2022
Футзалдан Қазақстан кубогы жолындағы жарыстың жартылай финалына шыққан қос команда анықталды. Олар – Алматының «Қайраты» мен Рудныйдың «Аяты».
Спорт • 11 Мамыр, 2022
Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан Сурдлимпиада ойындарының кезекті жарыс күні Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі медальмен толықты.
Спорт • 11 Мамыр, 2022
Осыған дейін бірнеше ай бойы «Егемен Қазақстан» газетінде бұрындары КСРО құрамында болған «бауырлас» республикалардың аса жауапты жарыстарда жеткен жетістіктері мен олқы соққан тұстары жайында сараптама мақалалар жарияланған еді. Ол жерде грек-рим мен еркін күрес, әйелдер күресі, бокс, әйелдер боксы, дзюдо және тағы басқа спорт түрлерінің кешегісі мен бүгінгісі жайында кеңінен әңгіме қозғалды. Бүгін сол мақалалар сериясының қорытындысы ретінде ауыр атлетиканың жай-күйін әңгімелеуді жөн көріп отырмыз.
Спорт • 09 Мамыр, 2022
Футзалдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Енді олар Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысу үшін Литваға аттанады.
Спорт • 09 Мамыр, 2022
Өткен аптада әлемнің әр қиырында аралас жекпе-жектен бірқатар турнир өтті. Қазақ жанкүйерлерінің назары АҚШ-тың Арлингтон мен Ресейдің Екатеринбург қалаларындағы жарыстарға ауды.
Спорт • 09 Мамыр, 2022
Нұр-Сұлтанда көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыстың командалық сайысы жергілікті спортшылардың жеңісімен аяқталды.