Спорт • 09 Мамыр, 2022
Дэвис кубогы: Кімдермен ойнаймыз?
Испанияның Малага қаласында Дэвис кубогының жеребесі тартылды. Осы жылдың 14-18 қыркүйегі күндері Шотландияның Глазгосында жалауы желбірейтін жарыста Қазақстанның теннисшілері D тобында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз – Ұлыбритания, АҚШ және Нидерланд құрамалары.
Спорт • 03 Мамыр, 2022
Ақтөбе облысының Шалқар қаласында грек-рим күресінен КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, білікті бапкер Мұрат Есенжоловты еске алуға арналған республикалық турнир өз мәресіне жетті. Жасөспірімдер арасында өткен бұл жарыста еліміздің бірқатар аймағынан келген балғын балуандар бақ сынады.
Спорт • 28 Сәуір, 2022
Жайма-шуақ жаздың алғашқы айында әлемнің әр қиырында аралас жекпе-жектен өтетін аса жауапты жарыстарда Қазақстанның бірнеше танымал спортшысы өнер көрсетеді. Миллиондаған жанкүйер солардың арасынан UFC промоушені ұйымдастыратын бәсекелерді тағатсыздана күтуде.
Спорт • 28 Сәуір, 2022
Спорт • 27 Сәуір, 2022
Спорт • 26 Сәуір, 2022
Спорт • 25 Сәуір, 2022
Спорт • 25 Сәуір, 2022
Таяуда Vesti.kz сайты аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді промоушен – UFC-ге байланысты бірнеше қызықты мәліметті жария етті. Бұл жолы олар жартылай орта салмақта күш сынасып жүрген «ТОП-15» спортшыға кеңінен тоқталып, кімнің қандай елеулі табыстарға қол жеткізгені туралы тартымды ақпарат таратты.
Спорт • 21 Сәуір, 2022
UFC-де өнер көрсетіп жүрген аралас жекпе-жектің хас шебері Дамир Исмағұлов өзінің келесі кездесуін үстіміздегі жылдың 19 маусымында өткізеді. Ресейде туып-өскен 31 жастағы қандасымыз бұған дейін түрлі промоушендерде күш сынасқан Скандинавия түбегінің сақа спортшысы Гурам Кутателадземен сайысқа түседі.
Хоккей • 21 Сәуір, 2022
Осыдан біраз уақыт бұрын Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубының бапкерлері мен ойыншылары, әкімшілік және техникалық персоналдың қызметкерлері «Жалақымызды ала алмай жүргенімізге үш айға жуықтады» деп дабыл қаққан еді. Сондай сипаттағы мақалалар баспасөз беттерінде де жарық көрді. Ал өткен аптада аталған команданың баспасөз қызметі «Барлық қарыздан толықтай құтылдық» деген ақпарат таратты.