Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3414 материал табылды

Спорт • 14 Сәуір, 2022

Қарсыластарымыз – кіл мықтылар

Биыл жазда Мажарстанның Будапешт қаласында су спортынан өтетін әлем чемпионатында Қазақстанның ватерполшылары кімдермен кездесетіні белгілі болды.

Спорт • 14 Сәуір, 2022

Бапкерге де бап керек

Алматы облысының Кербұлақ ауданында Қоянкөз деп аталатын шағын ғана ауыл бар. Халқының саны 1,3 мың шамасында. Жоңғар Алатауының етегінде орналасқан осы елді мекеннен атағы алысқа жайылған спортшылардың қалың шоғыры шықты. Солардың арасынан Берік Жетпісбаев, Мейіржан Қашағанов және Азамат Мұқановты бөле-жара атауға болады. Кезінде сол саңлақтар көптеген дүбірлі додада Қазақ елі намысын абыроймен қорғады. Жалпы, Қоянкөзден төрт Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бір еңбек сіңірген спорт шебері, екі халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 15-тен аса спорт шебері шықты. Ал осындай жарқын жеңістер мен зор та­быстардың алтын бастауында Бақыт Қоқысбековтей білікті бапкердің тұрғанын Жетісу өңірінің жұртшылығы жақсы біледі.

Спорт • 13 Сәуір, 2022

Кәрім көш бастап тұр

УЕФА Чемпиондар лигасында Лон­донның «Челсиіне» қарсы бәсекеде хет-трик жасаған Мадридтің «Реал» клубының ойыншысы Кәрім Бензема биыл «Алтын допты» иеленуі мүмкін.

Спорт • 13 Сәуір, 2022

Вавринканы сан соқтырды

Теннистен Монте-Карлода өтіп жат­қан жүлде қоры 5 415 410 еуроны құ­райтын ATP Masters 1000 турни­рінің бірінші кезеңі өз мәресіне жетті.

Спорт • 13 Сәуір, 2022

Сыр бойындағы сайыс

Бұл күндері Қызылордада еркін кү­рестен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Қазақстан чемпионаты өтуде.

Спорт • 12 Сәуір, 2022

Чемпиондар анықталды

Павлодарда үстел теннисінен Қазақ­стан чемпионаты аяқталды. Көрер­мендер ерлер арасында өткен финал­дық сайысты қызыға тамашалады.

Спорт • 12 Сәуір, 2022

Финалда ұтылды

Португалияның Майа қаласында теннистен жасөспірімдер арасындағы Tennis Europe деп аталатын дәстүрлі халықаралық супер турнир өз мәресіне жетті.

Спорт • 12 Сәуір, 2022

Азияның алды болуға әліміз жете ме?

19-24 сәуір аралығында Моңғолияның астанасы – Ұланбатырда күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді. Аталған жарыста Қазақстанның туы астында кімдердің өнер көрсететіні жайында біз бұған дейін толық мағлұмат берген едік. Сары құрлықтың басты додасындағы басты мақсат – жалпыкомандалық есепте көш бастау. Ол сол жоспарды жүзеге асыруға біздің балуандардың әл-қуаты, күш-жігері жете ме? Осы сауалға жауап алу үшін соңғы бес жарыстың нәтижесіне көз жүгіртіп көрейік.

Спорт • 11 Сәуір, 2022

Польшада бақ сынайды

11 сәуірде Польшада шайбалы хоккейден жасөс­пірімдер арасындағы әлем біріншілігі басталады. Қазақстан құрамасы бірінші дивизиондағы А тобында өнер көрсетеді.

Спорт • 11 Сәуір, 2022

Жүлде қоры – 2 миллион теңге

Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 50 жылдық мерейтойына орай 30 сәуір мен 1 мамыр аралығында Алматы мен Нұр-Сұлтанда жылдам шахматтан ірі турнирдің тұсауы кесіледі.