Спорт • 21 Ақпан, 2022
Футболдан Қазақстан суперкубогы жолындағы жарыстың финалдық ойыны 2 наурыз күні Нұр-Сұлтандағы «Астана Арена» стадионында өтеді.
Спорт • 21 Ақпан, 2022
Таяуда ғана Испанияда аяқталған «Хаэн Классикасында» топ жарған қазақстандық велошабанбдоз Алексей Луценко сол елдегі «Андалусия Вуэльтасы» көпкүндігінде де табысты өнер көрсетуде.
Спорт • 21 Ақпан, 2022
Нұр-Сұлтанда теннистен қысқы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста еліміздің бірқатар мықты ойыншысы бақ сынады.
Спорт • 18 Ақпан, 2022
Қытай астанасы – Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпия ойындарының кезекті жарыс күндері спорттың бірнеше түрінен жарыстар өтті. Сол бәсекелерде Қазақстанның да өрендері бақ сынады. Өкінішке қарай, олардың ешқайсысы ел үмітін ақтай алмады. Осылайша, Олимпия ойындарының аяқталуына санаулы күндері қалса да, отандастарымыздың қоржыны әлі бос.
Спорт • 18 Ақпан, 2022
Минскідегі «Чижовка-Арена» спорт кешенінде самбо мен жауынгерлік самбодан Беларусь президентінің жүлдесі үшін Еуропаның ашық кубогы өз мәресіне жетті. Бұл жарыста жергілікті балуандардан бөлек, тағы бірқатар мемлекеттің өкілдері күш сынасты. Солардың арасында Қазақстан өкілдері де болды.
Спорт • 16 Ақпан, 2022
Қазақстанның самбошылары Минскідегі жарыстан олжалы оралды
Минскідегі «Чижовка-Арена» спорт кешенінде самбо мен жауынгерлік самбодан Беларусь елі президентінің жүлдесі үшін Еуропаның ашық кубогы өз мәресіне жетті. Бұл жарыста жергілікті балуандардан бөлек, тағы бірқатар мемлекеттің өкілдері күш сынасты. Солардың арасында Қазақстанның да өрендері бар.
Спорт • 16 Ақпан, 2022
Фристайлшылар сенімді ақтамады
Аптаның алғашқы күні Бейжің Олимпиадасында алты жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Қазақстандық жанкүйерлердің назары фристайлшыларға ауды. Өйткені әйелдер акробатикасынан өткен жарыста қазақстандықтар – Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева өнер көрсетті.
Спорт • 15 Ақпан, 2022
Өткен аптаның соңында Ұлттық баскетбол қауымдастығының (ҰБҚ) кезекті турында «Голден Стэйт Уорриорз» бен «Лос-Анджелес Лейкерс» клубтары кездесіп, бұл бәсеке 117:115 есебімен алғашқыларының пайдасына шешілді.
Қысқы спорт • 14 Ақпан, 2022
Абзалға қарға адым жер жетпеді!
Қытайда өтіп жатқан XXIV Қысқы Олимпиадада жексенбі күні спорттың бес түрі бойынша жеті жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Соның бесеуінде Қазақстанның спортшылары өнер көрсетуге тиіс еді. Олар – Захар Кучин (тау шаңғысы, слалом), Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева (фристайл-акробатика), Галина Вишневская-Шепоренко (биатлон, 10 шақырым), Александр Мухин (биатлон, 12,5 шақырым), Екатерина Айдова (коньки, 500 метр), Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша және Әділ Ғалиахметов (шорт-трек, 500 метр).
Спорт • 14 Ақпан, 2022
Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) астанасы – Әбу-Даби қаласында футболдан клубтық әлем чемпионаты аяқталды. Әр құрлықтың ең үздік жеті команда қатысқан жарыста Лондонның «Челси» клубы теңдессіз деп танылды. Бас жүлде үшін тартыста ағылшындар Сан-Паулудың «Палмейрасынан» айласын асырды.