Спорт • 14 Ақпан, 2022
Немістер мен норвегиялықтар иық тіресіп келеді
Бейжіңде жалауы желбіреген Қысқы Олимпия ойындары бел ортаға жетті. Өткен жұма мен сенбі күндері Қытайдың астанасында орналасқан зәулім спорт сарайлары мен кешендерінде тартысты бәсекелер өтіп, бірнеше медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Бақ сынаушылар қатарында Қазақстанның да өрендері болды. Өкінішке қарай, жерлестеріміз әзірге бірде-бір жүлдеге қол жеткізе алар емес.
Спорт • 11 Ақпан, 2022
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында WTA 500 турнирінің шымылдығы түрілді. Жүлде қоры 703 580 АҚШ долларын құраған жарыста Елена Рыбакина да шеберлік байқасуда.
Спорт • 11 Ақпан, 2022
Су спортынан биылғы әлем чемпионаты Мажарстанның бас шаһары – Будапештте өтетін болды. Бұл мәлімет Халықаралық жүзу федерациясының (FINA) ресми сайтында жарияланды.
Спорт • 11 Ақпан, 2022
13 ақпанда АҚШ-тың Хьюстон қаласында аралас жекпе-жектен UFC-дің кезекті турнирі өтеді. Бұл жарыста аса жеңіл салмақтағы қазақстандық спортшы Сергей Морозов та өнер көрсетеді.
Спорт • 10 Ақпан, 2022
Таэквондодан Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Фуджейро қаласында өткен Fujairah Оpen турнирінде Қазақстанның құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 2 қоланы иеленгені жайында біз бұған дейін баяндағанбыз.
Спорт • 10 Ақпан, 2022
23 ақпанда Ресейдің Екатеринбург қаласында аралас жекпе-жектен Russian Cagefighting Championship (RCC) Intro 19 деп аталатын аса ірі халықаралық турнир өтеді.
Спорт • 10 Ақпан, 2022
Қазақтың танымал былғары қолғап шебері Әбілхан Аманқұл кәсіпқой рингте күш сынасуды құп көріп, отандық Suleimen Promotion промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды.
Спорт • 09 Ақпан, 2022
Алғашқы жүздікте – үш жерлесіміз
Теннисшілердің әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. Қазіргі кезде «ТОП-100» ойыншының қатарында Қазақстанның үш өкілі бар.
Спорт • 09 Ақпан, 2022
Тунистің Радес қаласында үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы WTT санатына жататын халықаралық турнир өтті.
Спорт • 09 Ақпан, 2022
Футзалдан Нидерландта өткен Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалдан аса алмағанына қарамастан, УЕФА рейтингіндегі өз орнын сақтап қалды.