Қысқы спорт • 25 Қаңтар, 2022
Олимпиадашылардан оңды нәтижелер күтеміз
Бұл күндері төрткүл дүние жұртшылығы 4-20 ақпан аралығында Қытайдың бас шаһары – Бейжіңде жалауы желбірейтін XXIV Қысқы Олимпия ойындарын тағатсыздана күтуде. 100-ге жуық мемлекеттен келген 4 мыңнан аса үміткердің қатысуымен өтетін бәсекелер барысында спорттың 15 түрі бойынша 109 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Сол жарыста жерлестерімізге медаль бұйыра ма? Міне, қазіргі кезде барша қазақстандық жанкүйерді дәл осы сауал мазалап отыр.
Күрес • 25 Қаңтар, 2022
Таяуда баспасөз беттерінде грек-рим күресінің майталман шебері, еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері Алмат Кебісбаевтың үлкен спорттан қол үзгені жайында ақпарат тарады. Алайда бауыры ыстық боз кілемнен ол алысқа ұзаған жоқ екен. Танымал татами тарланы енді Қазақстанның жасөспірімдер құрамасын баптайды. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Алмат: «Басшылықтың шешімімен осы міндетті атқармақпын. Бапкерлікке біржола кеттім десе де болады. Осы жылдар аралығында жинаған мол тәжірибемді соңымыздан ерген жастарға үйреткім келеді», деп өз ойымен бөлісті.
Бокс • 21 Қаңтар, 2022
Аса ауыр салмақтағы Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Жан Кособуцкий 19 ақпанда Германияның Гамбург қаласында WBC International нұсқасының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.
Спорт • 21 Қаңтар, 2022
29 қаңтарда АҚШ-тың Майами қаласында аралас жекпе-жектен өтетін Eagle FC турнирінде кімдердің күш сынасатыны толықтай белгілі болды.
Теннис • 21 Қаңтар, 2022
Қазақстанның бірде-бір теннисшісі Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінің жекелеген сайысында екінші кезеңнен аса алмады.
Футбол • 20 Қаңтар, 2022
Футзал тақырыбын арқау еткен Futsalplanet.com порталы былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Futsalplanet Awards сыйлығы иегерлерінің есімдерін жария етті.
Спорт • 20 Қаңтар, 2022
Кеше Эстонияның астанасы – Таллинде мәнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық чемпионатының» жалауы желбіреді.
Қысқы спорт • 20 Қаңтар, 2022
Келесі айда Бейжіңде алауы тұтанатын Олимпия ойындарының барлық іріктеу және рейтингтік сайыстары аяқталып, жолдамалардың басым бөлігі үлестірілді, деп хабарлады Olympic.kz сайты.
Спорт • 19 Қаңтар, 2022
Қазақтың кәсіпқой боксшысы Айдос Ербосынұлы былтырғы жылдың қыркүйек айында гайаналық Аллен Ленноксты ұрып жыққан соң ресейлік Евгений Шведенкомен күш сынасуға тиіс еді.
Футбол • 19 Қаңтар, 2022
Левандовский үздік деп танылды
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2021 жылдың қорытындысы бойынша Роберт Левандовскийді әлемнің ең үздік футболшысы деп таныды.