Теннис • 19 Қаңтар, 2022
Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінің екінші жарыс күні Қазақстанның үш теннисшісі кортқа шықты.
Күрес • 18 Қаңтар, 2022
Соңғы кездері Қазақстанның балуандары байрақты бәсекелерде сүреңсіз өнер көрсетіп жүргені жасырын емес. Мәселен, күрестің үш түрі бойынша елімізден Олимпиада чемпионы шықпағанына табаны күректей 26 жыл болды. Соңғы рет сонау 1996 жылы Атлантада Юрий Мельниченко атой салған еді. Ал 1999 жылы Афинада өткен әлем чемпионатында Мхитар Манукян қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Содан бері бақандай 23 жыл өтсе де әлі бірде-бір жерлесіміз төрткүл дүниенің теңдессізі деген атаққа қол жеткізе алар емес.
Бокс • 18 Қаңтар, 2022
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) өзінің жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстандықтар арасынан ең үздік нәтиже Жәнібек Әлімханұлына тиесілі.
Қысқы спорт • 18 Қаңтар, 2022
4-20 ақпан аралығында Қытайдың бас шаһары – Бейжіңде өтетін қысқы Олимпия ойындарына Сауд Арабиясы құрамасы тұңғыш рет қатысқалы отыр.
Теннис • 18 Қаңтар, 2022
Кеше Мельбурнде шымылдығы түрілген Аустралияның ашық біріншілігінің алғашқы күні Қазақстанның үш теннисшісі өздерінің тұсаукесер кездесулерін өткізді.
Бокс • 17 Қаңтар, 2022
Атақты аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нұрмагомедовке қарасты Eagle FС промоушенінің ұйымдастыруымен 18 ақпанда Мәскеуде халықаралық турнир өтеді.
Футбол • 17 Қаңтар, 2022
Бір жарым жылдай Алматының «Қайраты» сапында өнер көрсеткен бразилиялық футболшы Вагнер Лав келесі маусымды Дания чемпионатында өткізеді.
Бокс • 17 Қаңтар, 2022
Әлімханұлы Андрадені жеңе ала ма?
Күні бүгінге дейін Қазақстанның кәсіпқой боксшылары арасынан ең белді нұсқалар бойынша бар-жоғы бес-ақ әлем чемпионы шықты. Олар – Василий Жиров, Бейбіт Шүменов, Геннадий Головкин, Жанат Жақиянов және Данияр Елеусінов. Енді солардың қатары Жәнібек Әлімханұлымен толығуы мүмкін. Барша жерлесіміз сол сәтті тағатсыздана күтуде.
Теннис • 14 Қаңтар, 2022
Таяуда Аустралияның Аделаида қаласында аяқталған жүлде қоры 703 580 АҚШ долларын құрайтын WTA 500 турнирінде Елена Рыбакина финалға дейін жетіп, шешуші тұста әлемнің бірінші ракеткасы Эшли Бартиден ұтылған еді. Финалға шыққан табысының арқасында жерлесіміз дүниежүзілік рейтингте 13-орынға көтерілді. Осылайша ол бұрын-соңды Қазақстанның бірде-бір теннисшісіне бағынбаған белестің биігінен көрінді.
Спорт • 13 Қаңтар, 2022
Әлемдік дзюдоның даму барысы қалай?
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2021 жылдың қорытынды рейтингін жариялады. Бүгінгі таңдағы әлемнің ең үздік 10 татами шеберлері қатарына Қазақстанның үш бірдей өрені еніп отыр. 60 кило салмақта белдесетін Ғұсман Қырғызбаев 9-орынды иеленсе, Елдос Сметов одан бір сатыға ғана төмен тұр.