Теннис • 10 Қаңтар, 2023
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Аделаида қаласында шымылдығы түрілген екінші турнирінде де сәтсіз өнер көрсетті.
Руханият • 06 Қаңтар, 2023
Былтыр Қазақстанның халық жазушысы, санаткер, драматург Сафуан Шаймерденовтің туғанына 100 жыл толды. Отандық әдебиетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті қаламгердің немересі Дина Саянқызы атасының мерейтойына керемет сый жасағанын айтқымыз келеді.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2022
Медицинасыз спорт алға жылжымайды
Бұл күндері Алматыда Спорттық медицина және оңалту орталығының мұрындық болуымен отандық спорт дәрігерлерінің біліктілігін арттыру курстары өтуде. Аталған шараға жерлестерімізден бөлек, Ресей, Беларусь, Үндістан және Ираннан келген білікті кәсіби мамандар қатысуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2022
Әлем чемпионаты Алматыда өтеді
25-30 желтоқсан аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шахматтың рапид және блиц түрлері бойынша кезекті әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Республикалық федерация таратқан дерекке сүйенсек, бұл жарыста жер-жаһанның әр қиырынан жиналған 250-ге тарта ойыншы бақ сынайды.
Кәсіпқой бокс • 15 Желтоқсан, 2022
24 желтоқсанда Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде қазақтың танымал былғары қолғап шебері Батыр Жүкембаевтың кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды.
Теннис • 15 Желтоқсан, 2022
Алматыдада теннистен ұлттық жаттықтырушылар ұйымының кезекті конференциясы өтті. Бұл жиынға алыс-жақын шет мемлекеттен 140-тан астам тәлімгер қатысты.
Хоккей • 15 Желтоқсан, 2022
15-18 желтоқсан аралығында Ресей астанасы – Мәскеуде шайбалы хоккейден Бірінші арна кубогі жолындағы жарыстың жалауы желбірейді. Жыл сайын өтіп тұратын дәстүрлі додада айдын иелерінен бөлек, Беларусь пен Қазақстанның ұлттық құрамалары да күш сынасады.
Ауыр атлетика • 15 Желтоқсан, 2022
Ауыр атлетикадан Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті жарыс күні аяқталды. Кеше Қазақстанның екі спортшысы өнер көрсетті.
Спорт • 15 Желтоқсан, 2022
Кеше Қатардағы әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалдық сайысы өтті. Лусаилдағы 90 мың көрермен сыятын ұлттық стадионда ине шаншар бос орын болмады. Барша жұртты мазалаған сұрақ: «Аргентина жеңе ме, әлде Хорватия ма?», «Месси мықты ма, әлде Модрич пе?», Міне, осы іспеттес сауалдарға жауап алу үшін сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні жер-жаһанның жанкүйерлері көгілдір экранға көз тікті.
Ауыр атлетика • 14 Желтоқсан, 2022
Ауыр атлетикадан Колумбияның астанасы – Богота қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасының қоржынына тағы бір медаль түсті.