Спорт • 22 Қараша, 2022
Футболдан әлем чемпионаты Қатардың бес қаласында орналасқан сегіз стадионда өтіп жатыр. Олар – Лусаилдағы «Ұлттық стадион» (80 000 көрерменге есептелген), Әл-Хаурдағы «Әл-Байт» (60 000), Дохадағы «974 стадионы» (40 000) мен «Әл-Тумама» (40 000), Эр-Райяндағы «Халифа» (45 416) мен «Эдьюкейшн сити» (45 350) және Әл-Вакрадағы «Ахмед бин Әли» (44 740) мен Әл-Джануб (40 000). Доп додасының өтуіне орай арнайы салынған алғашқы стадионның іргетасы 2013 жылы қаланып, төрт жылдан кейін құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды. Бұл нысандардың барлығы да 2021 жылы пайдалануға берілді.
Спорт • 21 Қараша, 2022
Кәсіпқой рингте қазақтың қарқыны қалай?
Осыдан бірер күн бұрын Мексиканың Акапулько қаласында өткен Бүкіләлемдік боксшылар кеңесінің (WBC) конгресінде екінші орта салмақта күш сынасып жүрген қазақстандық Әли Ахмедов пен франциялық Кристиан М’Билли арасында жекпе-жектің өтетіні жайында ресми түрде мәлімделген болатын. Егер осы бәсекеде жерлесіміз жеңіске жетсе, онда алдағы уақытта Әлидің аталған нұсқаның чемпиондық атағы үшін таласуы әбден мүмкін.
Спорт • 21 Қараша, 2022
Атырауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Республикамыздың барлық аймағынан келген белді балуандардың басын қосқан жарыста тосын нәтижелер көп тіркелді. Кейбір салмақ дәрежелерінде біраз жылдан бері ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген сақа спортшылар жастарға жол берді.
Спорт • 21 Қараша, 2022
Атырауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Республикамыздың барлық аймағынан келген белді балуандардың басын қосқан жарыста тосын нәтижелер көп тіркелді. Кейбір салмақ дәрежелерінде біраз жылдан бері ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген сақа спортшылар жастарға жол берді.
Спорт • 21 Қараша, 2022
Астананың «Барысы» құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті турында Хабаровскінің «Амурын» қабылдап, тағы да жеңілістің кермек дәмін татты.
Спорт • 21 Қараша, 2022
Бұл күндері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында күрес түрлерінен Билл Фаррелл мемориалы өтіп жатыр. Аталған жарыста әлемнің 18 мемлекетінен келген балуандар бақ сынауда.
Спорт • 21 Қараша, 2022
Аралас жекпе-жектен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде Жалғас Жұмағұлов америкалық Чарльз Джонсонмен жұдырықтасты.
Спорт • 17 Қараша, 2022
Жекпе-жек десе делебесі қозып, қаны қыз-қыз қайнайтын жанкүйерлерді желтоқсанда айында бірқатар дүбірлі дода күтіп тұр. Әлемнің әр қиырында өтетін сол жарыстарда қазақстандық спортшылар да өнер көрсетеді. Ал біздің жанкүйерлер әлемдегі ең белді ұйым – UFC жарыстарын тағатсыздана күтіп отыр.
Спорт • 16 Қараша, 2022
Таяуда Қонаев қаласында дзюдодан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбодан әлем және Азияның екі дүркін чемпионы, Әлем кубогі жолындағы жарыстың бірнеше дүркін жүлдегері Берік Жетпісбаевтың құрметіне жасөспірімдер арасында республикалық турнир ұйымдастырылды. Оған еліміздің бірқатар өңірінен келген 200-ден аса балғын балуан қатысты.
Спорт • 15 Қараша, 2022
Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасында өткен «Мықтылар турнирі» өз мәресіне жетті. Республикамыздың бірқатар өңірінен жиналған жеткіншектердің жарысын жанкүйерлер қызыға тамашалады. Себебі қазіргі кезде спорттың осы түрін серік еткен теннисшілеріміз халықаралық аренада елеулі табыстарға қол жеткізіп жүр. Ал бүгін ADD орталығында өнер көрсеткен жеткіншектер ертеңгі күні ұлттық құрама сапындағы спортшыларды алмастыратыны анық.