Спорт • 20 Қыркүйек, 2022
Шотландияның Глазго қаласында өткен Дэвис кубогы жолындағы жарыста Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетті. D тобындағы тұсаукесер кездесуінде Нидерланд құрамасынан ұтылған жерлестеріміз одан кейін АҚШ-қа есе жіберді.
Спорт • 20 Қыркүйек, 2022
Күрес түрлерінен Белградта өткен әлем чемпионаты барысында Біріккен күрес әлемінің (UWW) президенті, Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) атқару комитетінің мүшесі Ненад Лалович қазақ балуаны Дәулет Шабанбайға Олимпия ойындарының қола медалін салтанатты түрде табыс етті.
Спорт • 20 Қыркүйек, 2022
Сербияда күрес түрлерінен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жексенбі күні еркін күрес шеберлері ең соңғы үш салмақ дәрежесінің медальдарын сарапқа салды. Жүлделі орындардан үміттілер қатарында 65 кило салмақтағы Әділ Оспанов та бар еді. Бастапқы бәсекелерінде молдовалық Виталий Буничи мен қырғызстандық Әлібек Осмоновты ойсырата ұтқан ол ширек финалда ирандық Рахман Амоузадхалилиден айласын асыра алмады. Ал жұбаныш бәсекесінде мажарстандық Исмаил Мусукаевқа жол берді. Осылайша, Әділге Белградта жүлде алу бақыты бұйырмады.
Спорт • 18 Қыркүйек, 2022
Белградта да бас жүлде бұйырмады
Сербияның астанасы – Белградта әйелдер күресінен аяқталған әлем чемпионатында төрт мемлекеттің өкілдеріне ғана бас жүлде бұйырды. Осы орайда Жапония құрамасының қарқыны өте күшті болғанын айта кетейік. Күншығыс елінің өкілдері 5 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль олжалады. Жалпы, олардың осы жарысқа келген тоғыз спортшысының барлығы да жеңіс тұғырына көтерілді. Яғни жапондар 100 пайыздық көрсеткішке қол жеткізді.
Спорт • 16 Қыркүйек, 2022
Бұл күндері Алматыда үстел теннисінен Contender Almaty деп аталатын аса ірі халықаралық турнир өтуде. Аталған жарыста әлемнің бірқатар мемлекеттерінен келген көптеген атақты ойыншы шеберлік байқасуда.
Спорт • 16 Қыркүйек, 2022
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Словенияның Портороже қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына шықты.
Спорт • 16 Қыркүйек, 2022
Футболдан Қазақстан чемпионатының 20-туры басталды. Алғашқы екі ойын Нұр-Сұлтан мен Ақтөбе қалаларында өтті.
Спорт • 16 Қыркүйек, 2022
18 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде Геннадий Головкиннен бөлек, Қазақстанның тағы бір өкілі шаршы алаңға шығады. Ол – Әли Ахмедов.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2022
Аралас жекпе-жектен әлемдегі ең белді ұйым – UFC-дің жаңартылған рейтингіндегі ТОП-15 спортшының тізімінен қазақтың екі бірдей спортшысының есімдерін кезіктірдік. Олар – Шавқат Рахмонов пен Дамир Исмағұлов.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2022
Шотландияның Глазго қаласында шымылдығы түрілген Дэвис кубогі жолындағы жарыстың тұсаукесер кездесуінде D тобындағы Қазақстанның теннисшілері Нидерланд құрамасынан 1:2 есебімен ұтылды.