Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
355 материал табылды

Аймақтар • 08 Тамыз, 2022

Сапалы интернетпен түгел қамтылу көзделіп отыр

Цифрландыру саласы елімізде жүзеге асырылып жатқан басты стра­те­гия­лық жоспар саналады. Сон­дық­тан да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында цифрландыру ісі елде тұрған басты мақсат екенін қадап айтқан еді. Осы орайда Үкімет те Мемлекет басшысының бұл тапсырмасын орындауға білек сыбана кірісуде.

Медицина • 04 Тамыз, 2022

Маймыл шешегі шетін жағдайға айналып барады

Әлемді дүрліктірген коронавирус инфекциясынан кейін маймыл шешегіне байланысты жариялаған дүниежүзілік төтенше жағдай адамдарға әлі қатты әсер етіп жатқан жоқ секілді. Әйткенмен бұл дерттен қауіптенуге негіз табылып отыр. Өткен аптаның аяғында бірінші рет Африка құрлығынан тыс елдерде маймыл шешегінен болған өлім тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оның саны өседі деген болжам жасап отыр.

Аймақтар • 02 Тамыз, 2022

Тұрақты жұмыспен қамту – басты бағыт

Статистикалық мәлімет бойынша Шымкент қаласында жұмыс­сыз­дық деңгейі 5,1 пайызды құрайды. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметіне сәйкес, бұл көрсеткішті жыл аяғына дейін 5 пайызға төмендету жоспары тұр.

Аймақтар • 01 Тамыз, 2022

Түркістан өңірі жарқырай түспек

Түркістан қаласының маңында «KEGOC» АҚ құрылысын жүргізген кернеуі 220 кВ «Орталық» жаңа қосалқы станциясы пайдалануға берілді. Ол трансформатор қуатын 250 МВА-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Аймақтар • 28 Шілде, 2022

Қала жолдары қарқынды жөнделуде

Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 мың шақырымнан асады. Оның жартысынан көбі – асфальтбетон жолдар. Мың шақырымдайы – шағал тас төселген көшелер. Қалған 150 шақырымнан аса жолы топырақ. Жергілікті әкімдік 2022 жылдың соңына дейін асфальтбетон жамылғысы бар және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесін 67,4 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл межені орындау үшін қала билігі тиісті жұмыстарды қолға алып жатыр. Бүгінгі таңда мегаполистің 351 шақырым жолында жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Соның 67 шақырым жолы жаңадан салынады немесе қайта жаңартылады. Қалғаны бойынша орташа немесе күрделі жөндеу жүріп жатыр. Қала әкімдігінің жоспарына сәйкес асфальт жолдардың үлесі жыл сайын арта бермек. Мәселен, 2025 жылға қарай шамамен 80 пайызға жеткізіледі.