Шымкент • 05 Маусым, 2026
«Шымкентцементтің» өніміне шетел де қызығады
«Шымкентцемент» серіктестігі 1958 жылы құрылған. Нысан мегаполистегі алғашқы кәсіпорындардың бірі саналады. Сондай-ақ шаһардағы ірі өндіріс орындарының қатарына кіреді. Зауыт ішкі нарықты цемент өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Жылына 1,3 млн тонна түрлі маркадағы цемент шығарады.
Шымкент • 05 Маусым, 2026
Құрылыс саласын ауқымды өзгеріс күтіп тұр
Шымкенттегі «Көрме орталығында» «Aqqala Build Shymkent 2026» халықаралық B2B құрылыс форумы мен көрмесі өтті. Оған шетелдік және отандық құрылыс компанияларының өкілдері, құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындар қатысты. Сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдері, инвесторлар, сәулетшілер мен құрылыс материалдарын жеткізуші мекемелердің қызметкерлері шақырылды.
Балалар • 04 Маусым, 2026
Балалар мерекесіндегі шаттық күй
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкенттегі Орталық саябақта «Бақытты шақ» атты мерекелік іс-шара өтті. Оған қаладағы түрлі шығармашылық орталықтың өнерпаз оқушылары қатысты. Алдымен қонақтарға фотокөрме мен мольберттегі сурет көрмесі, үрмелі аспаптар оркестрінің салтанатты шеруі және домбырашылар оркестрінің концерті ұсынылды. «Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра» атты тақырыпта жас қолөнершілердің шеберлігі көрсетілді. Жеткіншектер саз балшықтан құмыра, ағаш, былғарыдан бұйымдар, қағаздан көркем туындылар, сымтемірден шағын мүсіндер жасады. Сондай-ақ келушілерге қуыршақ дайындау әдісі мен ұлттық үстел ойындары таныстырылды. Қысқасы, мерекелік іс-шара барысында балалар көтеріңкі көңіл күймен жұртшылыққа өз өнерлерін тарту етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Халықаралық балалар күнін атап өтудегі мақсат – өрендердің таным-түсінігін кеңейтіп, рухани қолдау көрсетіп, сондай-ақ жас ұрпақты патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп, оларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Заң мен Тәртіп • 17 Сәуір, 2026
Құқықтық сауатты арттыратын алаң
Азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті жеңілдету – маңызды істің бірі. Осы мақсатқа орай Шымкент қаласында «Құқық кабинеті» жобасы жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама тұрғындарға тегін заңгерлік көмек көрсетіп, құқықтық ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етудің тиімді құралы болып отыр.
Форум • 28 Наурыз, 2026
«Digital Qazaqstan 2026»: Жаңашылдық пен ықпалдастық алаңы
Еліміз цифрлық экономиканы дамытуда жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге басымдық беріп отыр. Бұл бағыттағы жаңа шешімдер мен бастамалар Шымкентте өткен «Digital Qazaqstan 2026» форумында таныстырылып, технологиялық инфрақұрылым, адам капиталы мен инновациялық кәсіпкерлікті қолдау тетіктері сараланды. Жиында ұсынылған жобалар елдің цифрлық экожүйесі кезең-кезеңімен қалыптасып келе жатқанын көрсетті.
Дәстүр • 21 Наурыз, 2026
Шымкентте республикалық «Жарапазан Fest» байқауы өтті. Еліміздің әр өңірінен командалар келіп қатысты. Өнер ұжымдары өз аймақтарының мақамымен Жарапазан жырын орындап берді.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Шымкент қаласында референдум науқаны ерекше басталды. Азаматтық белсенділік танытып, алғашқы болып өз учаскелерінде дауыс берген азаматтарға сыйлықтар табысталды.
Өндіріс • 14 Наурыз, 2026
Еуропалық нарыққа бағыт алған кәсіпорын
«Қазақстандық металл құрылымдар зауыты» ЖШС агроөнеркәсіп пен мұнай-газ салаларына арналған жоғары технологиялық жабдықтар өндіреді. Зауыт – республика көлемінде осы салаға маманданған жетекші кәсіпорын. Әрі өндіріс орны аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасын өндіреді. Олардың көмегімен топырақ өңдеп, дақылдар егуге, егістікті күтіп-баптауға болады.
Білім • 11 Наурыз, 2026
Білімді бақылау жүйесінде алға озды
Білім саласының қызметін цифрландыру жөнінен Шымкент республика көлемінде алдыңғы орынға шықты. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдеді.
Экономика • 26 Ақпан, 2026
Индустриялық аймақтар өркендеп келеді
Экономиканы әртараптандыру, индустрияландыру бағдарламасын іске асыру бағытында Шымкентте бірқатар өндірістік алаңдар жұмыс істеп жатыр. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сүйенсек, осы аймақтар 455 кәсіпорынның басын біріктіреді. Оған жұмсалған инвестиция 700 млрд теңгеден асады.