
Тарих • 02 Маусым, 2024
Батыс Қазақстан облысындағы Тайпақ ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ескерткіш ашылды. Тот баспайтын темірден жасалған, биіктігі 5,5 метрлік белгінің ашылу құрметіне ауыл тұрғындары, репрессия құрбандарының ұрпақтары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Маусым, 2024
БҚО-да 50 отбасы баспаналы болды
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында су тасқынынан зардап шеккен 50 отбасы баспаналы болды. «Жақын күндері осы ауданда тағы 16 отбасы үшін пәтер сатып алынады», деп хабарлайды Egemen.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Музей • 01 Маусым, 2024
Батыс Қазақстан облысындағы Сырым ауданында Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі жаңартылған ғимаратқа көшіп, бес экспозициялық зал келушілерге есігін айқара ашты.
Туризм • 30 Мамыр, 2024
Кейінгі бірер жылда Орал қаласының іргесіндегі Бортау ауылы маңында ерекше түсті тұнық көл халықтың назарын өзіне аударып тұр. Қазақтар «Зеңгіркөл» деп атап жүрген бұл жерге қала тұрғындары ғана емес, өңірге жолы түскен меймандар да арнайы келеді екен.
Шаруашылық • 28 Мамыр, 2024
Батыс Қазақстан облысының диқандары егін қамымен күні-түні егіс даласында жүр. Қазірдің өзінде 119 мың гектарға жуық (62%) дәнді дақыл, 41 мың гектардан астам (36%) майлы дақыл және 13,5 мың гектардай (31%) мал азықтық дақыл егілді.
Балалар • 28 Мамыр, 2024
Батыс Қазақстан облысының 376 мектебінде 2023-2024 оқу жылы аяқталып, 122 мыңнан астам оқушы демалысқа шықты. Соның ішінде 6 411 түлек мектеп бітірсе, 10 540 оқушы 9-сыныпты тәмамдады.
Ауыл • 24 Мамыр, 2024
Батыс Қазақстан облысына қарасты Қаратөбе ауданының қиыр шетінде шағын ғана Аққозы деген ауылдық округ бар. Орталығы Қоржын деп аталады. Осы ауыл биыл наурыз айының соңында су тасқынының астында қалып, бүкіл елге мәлім болды. Ауыл тұрғындарымен кездесуге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келді.
Қоғам • 20 Мамыр, 2024
Брайль қарпімен басылған роман
Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұнайдар Балмолданың «Абадан» романын нүктелі-бедерлі қаріпте басып шығарды.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2024
Батыс Қазақстан облысында тасқын судан зардап шеккен елді мекендердің бірқатарында дезинфекциялау жұмысы аяқталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2024
Президенттің 2024 жылғы 2 мамырдағы Жарлығымен оралдық шекарашы, аға сержант Рафхат Мақашұлы Тайкенжин «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.