Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
167 материал табылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 13 Ақпан, 2025

Ақжайықтағы еңбек форумы

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында «Бүгінгі еңбек – ертеңгі табыс» деген тақырыппен жұмысшы мамандықтар көшбасшыларының форумы өтті. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен іс-шараға Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин, облыстық кәсіптік-техникалық білім бөлімінің жетекшілері, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті өкілдері, еңбек ардагерлері, жұмысшы мамандар қатысты.

Театр • 12 Ақпан, 2025

«Дина» драмасы сахналанды

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры «Дина» атты деректі драманың тұсауын кесті.

Аймақтар • 11 Ақпан, 2025

Орман өсіретін өрендер

Орал қаласындағы №47 Қадыр Мырза Әлі атын­дағы орта мектеп оқушылары орманшылармен бірігіп, боз арша және арша тұқымды бұталарды тұқымынан өсіруге кірісті.

Өшпес даңқ • 07 Ақпан, 2025

Қаһармандар ерлігі ұмытылмайды

Жақында құрамында батысқазақстандық өлкетанушылар, суретшілер және билік өкілдері бар арнайы топ Ресейдің Невель қаласына барып қайтты.

Жәдігер • 06 Ақпан, 2025

160 жәдігер сыйлады

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында тұратын ауған соғы­сының ардагері Тимур Ғиззатов музей қорына 160 жәдігер тарту етті.

Аймақтар • 29 Қаңтар, 2025

1970 жылғы рекорд жаңарды

Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайы 2024 жылы 540 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсеткен. «Бұл әуежайдың соңғы 55 жылдағы ең жоғары көрсеткіші», дейді әуежайдың баспасөз қызметінің басшысы Айнагүл Сақпосынова.

«Таза Қазақстан» • 24 Қаңтар, 2025

Қоршаған ортаны қорғау – өзекті мәселе

Бүгін­де заманауи мемле­кеттердің, адам­зат қоғамының өркениет дәрежесі де дәл осы қоршаған ортаға көзқара­сымен өлшенеді.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2025

Тасқынның алдын алу пысықталды

«Биыл қаңтар айында жауын-шашын мөлшері былтырғыдай болды. Қазір Тасқала, Сырым, Бөрлі, Теректі, Бәйтерек аудан­дарында, Орал қаласында топырақта қалыңдығы 2 см тоң пайда болды. Ауа райы күрт жылып, жаңбыр мол жауатын болса, наурыз айында бұл су тасқынына соқтыруы ықтимал», деп хабарлайды «Қазгидромет» қызметі Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Тілеген Шапанов.

Тағзым • 17 Қаңтар, 2025

Классикалық өнер: Амангелді Сембиннің рухына арналады

Биыл наурыз айында Орал қаласында әйгілі опера әншісі Амангелді Сембинді еске алуға арналған «Опералия» атты ерекше концерт өтеді.

Сұхбат • 10 Қаңтар, 2025

Нариман Төреғалиев: Елдік бастамалар халықтың әл-ауқатын жақсартуға серпін берді

– Нариман Төреғалиұлы, Батыс Қазақстан облысына әкім болып келгеніңізге ­2 жыл толды. Осы уақыт ішінде өңір тұрғындарының әл-ауқа­тын арттыруға бағытталған бірқатар жұмыс атқарылды. Қызметке тағайындалған кезіңізде Президент қандай тап­сырма жүктеген еді? Елдік бастамалардың орындалу ­барысы қалай?