Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1846 материал табылды

Экология • 13 Қараша, 2019

Жер жамылғысы сортаңға айналып барады

БҰҰ мәліметтері бойынша, бүгінде әлемнің кейбір елдерінде топырақтың құнарсыздануы мен тұздануы 50 пайызға жеткен. Ал Қазақстан топырағының құнарсыздануына байланысты сала мамандары үнемі дабыл қағып, жер қабатын сауықтыру мәселесін жиі көтеріп келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, еліміз аймақтарындағы жағдай әртүрлі, ал құнарсыздану үдерісі 30-40 пайызға жеткен. Жер ананы сауықтыруға байланысты арнайы заң қабылдау керек деген мамандар алдағы оншақты жылда бұл көрсеткіштердің ұлғайып кету қаупі бар екендігін айтады.

Спорт • 07 Қараша, 2019

Курсанттар арасында жеңімпаздар анықталды

Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтында курсанттар мен әскери қыз-келіншектердің арасында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті.

Руханият • 07 Қараша, 2019

Тіл білімі институтына якутиялық ғалымдар келді

Жақында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына Ресей ҒА Солтүстік Сібір бөлігіне қарасты Саны аз халықтар мәселесі және гуманитарлық зерттеулер институтының бір топ ғалымы келді.

Қоғам • 07 Қараша, 2019

Жаңа әліпбиге қатысты тіл мамандарының ортақ тұжырымы талқыланды

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіру  тапсырмасын орындау мақсатында Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның Қазақ тілін латын графикасына көшіру жөніндегі жұмыс тобы, Халықаралық Түркі академиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, Назарбаев Университеті, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, т.б. республиканың басқа жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының тіл мамандары «Қазақ тілінің жаңа әліпбиі: Тіл мамандарының ортақ тұжырымы» тақырыбында өткен ғылыми-практикалық дөңгелек үстелде ғалымдар баяндама жасап, жаңа әліпби мәселесін жан-жақты талқылап, ортақ шешімге келді.

Қазақстан • 07 Қараша, 2019

«Ел қорғаны» медалімен марапатталды

Армия халықаралық ойындарында жақсы нәтиже көрсеткені үшін сержант Ақжол Қосжанов II дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен  марапатталды. Ол 2 жыл қатарынан «Әскери барлау үздіктері» сайысында өзін командадағы үздік техник ретінде көрсете білді.

Қазақстан • 07 Қараша, 2019

«Қазақстан жәндіктерінің таңғажайып әлемі» байқауы қорытындыланды

«Ғылым ордасы» Табиғат музейінің ұйымдастырумен өткен «Қазақстан жәндіктерінің таңғажайып әлемі» балалар шығармашылығы байқауы мәресіне жетті. Байқау қоржынына келіп түскен жүз елуден астам жұмыстың әрқайсының өзіндік ерекшелігі бар. Олардың арасынан үздік жұмыстарды іріктеу, әрине, қазылар алқасына оңайға түспегені анық. 

07 Қараша, 2019

Өзін өзі жұмыспен қамтығандар қалай сақтандырылады?

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев журналистермен кездесуінде оңтүстік астана жарна аудару жағынан республика бойынша көш бастап тұрғанын жеткізді. 2017 жылдың 1 шіл­­десінен 2019 жылдың 25 қазаны аралығында «Әлеуметтік меди­­циналық сақтандыру қорына» түскен жарна 222,3 млрд тең­гені құраған.

Аймақтар • 03 Қараша, 2019

Мамандар үш тілді білім беруді енгізу барысын талқылады

 «Мектептерде үш тілді білім беруді енгізу: қазіргі жағдайы және болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырды.

Аймақтар • 03 Қараша, 2019

Мүгедектерге арналған мүмкіндік

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Бастау» кәсіпкерлікке баулу сыныптарында арнайы оқыту орталықтары ашылып, оған мүмкіндігі шектелген жандарды барынша тарту шаралары қолға алынған. Сондай орталықтың бірі Алматы қаласындағы «Үміт» мүгедектерді қолдау орталығында жұмыс істейді. Мұнда өз кәсібін ашқысы келетін 40-тан азамат дәріс алып, кәсіпкерлік негіздерін үйренуде.