Форум • 02 Сәуір, 2024
Республикалық «Жас тілшілер» форумын өткізуді дәстүрлі шараға айналдырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне биыл да еліміздің түпкір-түпкірінен 60-тан астам талапкер жиналды.
Ғылым • 31 Наурыз, 2024
Жаңатастың геологиялық жасын анықтады
Американың Балтимор қаласындағы Джонс Хопкинс университеті зертханасында Сәтбаев университетінің геолог ғалымдары Кіші Қаратау жоталарын зерттеп, тау жыныстарының 820 миллион жыл бұрынғы деректеріне талдау жасады.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2024
ҚазҰУ-да 10 инновациялық зертхана ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығы ашылды. Жаңа ғылыми орталықтың құрамына Тұрақты даму мақсаттарын іске асыратын 10 инновациялық зертхана кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Наурыз, 2024
Мектеп тұжырымдамасына өзгеріс қажет
Білімді ұрпақ тәрбиелеу ісі – елдің алдында тұрған келелі міндет. Осы мақсатта республикада мемлекет тарапынан көптеген жоба жүзеге асып келеді. Десек те білім көрсеткіштері сын көтермейді. Мамандар көптен бері ұлттық білім беру жүйесін жетілдірудің өзекті екенін айтып жүр.
Ұстаз • 29 Наурыз, 2024
«Жайлы мектеп» жобасы аясында республика мектептерін жаңа формациядағы педагогтермен қамтамасыз ету, түлектерді жұмысқа орналастыру, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелері – Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің алдында тұрған маңызды міндет.
Білім • 28 Наурыз, 2024
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қашықтан зондтау технологиясы және қолдану» қазақ-қытай бірлескен зертханасы ашылды.
Технология • 28 Наурыз, 2024
Starlink шалғайдағы 2 мың мектепке жете ме?
Қазір еліміздегі 10 ауыл мектебі «SpaceX» компаниясының «Starlink» интернетіне тегін қосылған. Қанатқақты жобаға Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарының Көктал, Құйған, Қараой, Жіңішке, Ереуіл, Кеңсу, Сарыкөл, Талды, Қарағайлы, Майшұқыр ауылдарындағы мектептер қамтылған. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жылдам интернетпен мектептердің 80 пайызын қамтамасыз етіп, «Starlink»-ке 2 мың мектепті қосуды жоспарлап отыр.
Университет • 27 Наурыз, 2024
ҚазҰУ-да экологиялық зертхана ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қашықтан зондтау технологиясы және қолдану» қазақ-қытай бірлескен зертханасы ашылды.
Мереке • 22 Наурыз, 2024
Наурызкөже – дәрумендерге толы тағам
Ұлыстың ұлы күнінде дастарқанға сән кіргізетін тағам – наурызкөже. Оның пайдасы жайында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті нутрициология кафедрасының доценті, PhD, Ұлттық саламатты тағамтану орталығының маманы Айгүл Қожахметова айтып берді.
Шаруашылық • 20 Наурыз, 2024
Мал ауруын емдеу назардан тыс қалмасын
Ел аймақтарында үй және шағын фермерлік қожалықтарда мал басын сақтау, азықтандыру, оларды ветеринарлық-гигиеналық күтіп-баптау оңай емес. Әсіресе қыс көзі қырауда жемшөппен қамтамасыз етумен бірге малшылар үшін жұқпалы аурудың алдын алу мен емдеу үлкен қиындық туғызады. Ал көктемге әзер жеткен көтерем малдың жағдайы тым ауыр. Себебі жемшөптің аздығы ғана емес, орталықтан қашық елді мекендерде ветеринарлық пункттердің, мамандардың тапшылығы, дәрі-дәрмектің қолжетімсіздігімен тығыз байланысты.