Banner
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
2142 материал табылды

Университет • 19 Мамыр, 2024

Аграрлық университетте САU филиалын құру келісіміне қол жеткізілді

Ғылым-білім беру орталықтары арасындағы өзара байланысты арттыру мақсатында Алматыға келген ҚХР Мемлекеттік кеңесі вице-премьері Лю Гочжун бастаған үкіметтік делегация Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде болып, ғылыми-инновациялық қызметімен танысты.

Университет • 17 Мамыр, 2024

Су шаруашылығы мамандарын бірлесіп даярлайды

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» ұлттық ғылыми-зерттеу университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды.

Білім • 14 Мамыр, 2024

ҚазҰПУ ғалымдары Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгпен кездесті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Сонгдодағы Инчхон ұлттық университетінің құрметті профессоры, 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгпен кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғылым • 14 Мамыр, 2024

Астрофизика әлемі «AstroHub» экожүйесін дамытуға жол ашады

Азуын айға білеген алпауыт елдер жерден тыс ғаламды зерттеп, ғарышқа спутник ұшырып, адамзатқа беймәлім әлемді адамзаттық игілікке айналдыру жолдарын қарастырып жатыр. Қазақстан да ғарышты игеру көшінен қалмай келеді. Елімізде өткен ғасырдың 40-жылдарынан бас­тау алатын астрономия және астрофизика саласындағы іргелі ғылыми зерттеулер осыған дәлел. Алматы маңындағы Астрофизика институтының ғалымдары 80 жылдық тарихында Ассы-Түрген, Каменск үстірті, Тянь-Шань астрофизикалық обсерваторияларында жер айналасындағы ғаламның ғажайыптарын зерттеп қана қоймай, көкке құлаш сермеген елдердің озық жетістіктерін, спутниктерін қалт жібермей қадағалап отыр.

Университет • 13 Мамыр, 2024

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Лотарингия университетінің филиалы ашылады

Елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарының ашу Президенттің тапсырмасына, сондай-ақ ҚР Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz. 

Аймақтар • 07 Мамыр, 2024

Сәтбаев университетінде Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Сәтбаев Университетінің Әскери іс институтында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Осы атаулы күні университет ардагерлері, офицерлер мен студенттер батырларды еске алып, маңызды мерекені атап өту үшін жиналды.

Университет • 06 Мамыр, 2024

ҚазҰУ: «Флагман» бағдарламасына – 10 жыл

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Қазақстанның мультилингвалды және мультимәдениет ортасында болашақ кәсіби мамандарды тілдік даярлау моделін оңтайландыру» тақырыбында халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Университет • 06 Мамыр, 2024

Aбай университетінде ашық есік күні өтті

Еліміздегі жетекші педагогикалық жоғары оқу орны – Абай университетінде ашық есік күні өтті. Іс-шараға Алматыдан және еліміздің басқа да өңірлерінен келген талапкерлер мен ата-аналар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 03 Мамыр, 2024

Бос орындар жәрмеңкесі өтті

Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Технология • 02 Мамыр, 2024

Сейсмикалық сақтандыру құрылғысы

Алматыдағы сейсмикалық жағдайды ескере отырып, оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғалымдары мен студенттері мобильді жер сілкінісі симуляторын құрастырды.

Яндекс.Метрика