Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1918 материал табылды

Білім • 22 Қазан, 2025

Қазақстандағы қауіпсіз мектеп: миф пе, әлде шындық па?

Баспасөз конференциясында мамандар балалар қауіпсіздігіне қатысты  мәселелерді шешу бағытында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан кешенді іс-шараларға тоқталып, бағдарламалардың авторлары, білім саласы қызметкерлері мен азаматтық сектор өкілдері түйткілді мәселе төңірегінде пікірлесті, деп жазады Egemen.kz.

Ғылым • 20 Қазан, 2025

Агроклиматтық аймақтарда карбамидті қолданудың өндірістік сынақтары туралы келісім жасалды

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы KMG PetroChem компаниясымен бірлесіп, карбамидті әртүрлі агроклиматтық аймақтарда қолдануға қатысты кешенді өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулер жобасын алғаш рет іске қосты, деп жазады Egemen.kz.

Табиғат • 20 Қазан, 2025

Ботаника институтының ғалымдары өсімдіктерді қорғау жобаларын іске асырып жатыр

Қазіргі кезде еліміз өңірлері бойынша өсімдіктерді зерттеу және сақтау бойынша үлкен жұмыстар жалғасын тауып келеді. Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ботаника және фитоинтродукция институтының жоғары өсімдіктер флорасы зертханасының меңгерушісі Полина Веселованың айтуынша, 2023 жылы «Өсімдік әлемі туралы» заң қабылданғаннан кейін Қазақстанда өсімдіктердің есебі – яғни флора кадастрларын жасау басталды. Ғалымдар сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді анықтап, оларды қорғау бағытында жұмыс істеп жатыр.

«Таза Қазақстан» • 19 Қазан, 2025

Алматыда оқушылар «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің оқушылары экобелсенділермен бірге «Сосновый бор» саябағының аумағына үш мыңға жуық құрғақшылыққа төзімді қарағаш көшеттерін отырғызды. Бұл бастама саябақ периметрінде жасыл қоршау жасау мақсатында жүзеге асырылды, деп жазады Egemen.kz.

Жасанды интеллект • 17 Қазан, 2025

Алматыда ЖИ мен үлкен деректерге арналған Қазақстан-Корей орталығы ашылады

Сеул қаласында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Корея ғылыми-техникалық ақпарат институты (KISTI) ғылым, технология және жасанды интеллект саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы • 17 Қазан, 2025

Алматыда халықаралық әуе диспетчерлерінің байқауы өтіп жатыр

«Еуразия» үйлестіру кеңесіне мүше елдердің кәсіпорындары арасында өтіп жатқан іс-шараны Азаматтық авиация академиясы мен «Қазаэронавигация» РМК бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғылым • 16 Қазан, 2025

Ғалымдар Кореяда жасанды интеллект, инновациялар бағытындағы келісімге қол жеткізді

Кореяда өткен Халықаралық университет президенттері қауымдастығының (IAUP) мерейтойлық конференциясына Алматыдағы жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Алматы • 15 Қазан, 2025

Алматыда WIC 2025 Дүниежүзілік конгресінде инклюзивті білім беру жүйесіндегі озық тәжірибелер талқыланды

Конгреске инклюзия саласындағы жаһандық маңызы зор мәселелерді талқылау үшін әлемнің 40 елінен 150-ден астам ғалымдар мен сарапшылар, 400-ден астам педагог-практиктер, сондай-ақ қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері келді. Сарапшылар баршаға қолжетімді білім беруді дамыту мен әлем елдерінде ерекше балалармен жұмыс істеу тәжірибесін дөңгелек үстел барысында талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғылым • 14 Қазан, 2025

Отандық ғалымдар табиғи суды залалсыздандыратын әмбебап сүзгі ойлап тапты

Соңғы жылдары ауыз су дүние жүзіндегідей елімізде де тапшы ресурстың біріне айналып отыр. Президент тапсырмасына орай қазіргі кезде ел тұрғындарын таза сумен қамтамасыз етудің кешенді бағдарламасы қабылданып, осы бағытта жобалар қолға алынды, деп жазады Egemen.kz.

Алматы • 11 Қазан, 2025

New Vision Forum 2025: Инновациялық экожүйелер мен стартаптарды дамытатын алаңға айналады

Алматыда күні кеше басталған New Vision 2025 форумы кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін тың идеялар, жаңа бастамалар алаңына айналып отыр. Инновациялар бизнестің қай түріне болмасын дендеп енген сайын білікті мамандар, жаңа технологияларды қолдану күн сайын өзекті болып барады. Форум осы орайда дамуды мақсат ететін кәсіпкерлер, бизнес саласы үшін ауқымды тақырыптарда пікірталасып, белгілі бір мәмілеге келуге мүмкіндік береді. Қазіргі сәтте әлемнің 20-дан астам елінен келген кәсіпкерлер, инвесторлар, сарапшылар мен креативті индустрия өкілдері әлемдік бизнестегі жаңашылдықтар мен өзгерістерді талқылап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика