Шаруашылық • 07 Қараша, 2024
Төрт түлік мал өсірген малсақ қауым азық-түлік молшылығын жасауға үлесімізді қоссақ дейді. Оған жыл он екі ай бейнетін белден кешкен бар шаруа нәтижелі болуы керек. Яғни мал өнімдері өңделіп, тұтынушыларға жетсе – еңбектерінің жанғаны.
Шаруашылық • 31 Қазан, 2024
Ақмолада егін науқаны аяқталды
Сын сағатта уақытпен санаспай, бар күш-қуат, қажыр-қайратын жұмылдырып еңбек еткен диқан, механизаторлар 4,7 млн гектар алқапқа сіңірілген дәнді және дәнді-бұршақ дақылдарын тап-тұйнақтай жинап алып, құт қамбасына құйып, астық үшін арпалыста өрістетілген жорықты табысты аяқтады.
Білім • 25 Қазан, 2024
Республика күні қарсаңында Ақмола облысында тағы да екі жаңа жайлы мектеп пайдалануға берілді. Қабанбай батыр ауылында ақ түйенің қарны жарылған оқиға орын алды.
Еңбек • 25 Қазан, 2024
Ақсары жүзді, ашаңдау денелі, жүзіне күлкі үйіріліп тұратын Андреймен күзгі орақтың қызған уақытында алқапта жүздестік.
Аймақтар • 25 Қазан, 2024
Нұрлыкөш ауылында 280 орындық балабақша пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындарының көптен күткен арманы орындалып, қуанышқа бөленді.
«Таза Қазақстан» • 23 Қазан, 2024
Республика күні қарсаңында Қопа көлінің жағалауына орман шаруашылығы ұжымдарының өкілдері, жалпы қала тұрғындары белсене қатысып, екі мыңға жуық көшет отырғызды.
Аймақтар • 18 Қазан, 2024
Аудандағы 23 елді мекенді ауызсумен қамтамасыз етудің негізгі көзі саналатын Нұра топтық су құбырын жаңарту жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды.
Аймақтар • 18 Қазан, 2024
Облыс орталығындағы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Сәкен Сейфулиннің 130 жылдығына арналған конференция өтті.
Тағзым • 18 Қазан, 2024
«Көкшенің көк семсері Көкен ақын»
Қазақстанның халық ақыны, Қазақстан ақын-жыршылар одағының тұңғыш президенті Көкен Шәкеевтің туғанына 100 жыл толуына орай туған жері Көкше өңірінде кеңінен аталып өтілуде. Мазмұны мол мерейтой «Көкен Шәкейұлы: айтыстағы алтын көпір» атты көлемді ғылыми-танымдық конференциядан бастау алды.
Кәсіпкер • 16 Қазан, 2024
Ербол Бекмұратов – Зеренді ауданына қарасты Еленовка селосына Өзбекстаннан қоныс аударған қандастардың бірі. Отбасындағы алты баланы асыраймын деп істемеген кәсібі жоқ. Құрылысшы да болған, мал да баққан, жолаушы да тасымалдап көрген. Жаңалыққа жаны құмар жас жігіт осыдан екі жыл бұрын ауыл тұрғындары үшін біршама таңсық кәсіп – балмұздақ шығаруды қолға алыпты.