
Аймақтар • 07 Сәуір, 2020
Алматы: Жолаушылар ағыны мен көлік саны азайды
Таңнан кешке дейін азан-қазан тіршілігі тоқтамайтын Алматы көшелері бүгінде мүлде басқаша кейіпке енген. Алып даңғылдар болмаса шаһар ішіндегі шағын көшелер тіптен тым-тырыс. Жолаушылар ағыны 70-75 пайызға азайса, көлік қозғалысы бес есеге дейін төмендепті.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2020
Алматы: Дезинфекция жұмыстарына 293 млн теңге бөлінген
Аумағы тұтастай оқшауланып, қатаң карантин режиміне көшкен Алматыда тазалық жұмысы күніне екі мәрте, таңертең және кешкі уақыттарда жүргізіліп жатыр. Шаһардағы дезинфекция жұмыстарына 293 млн теңге бөлінген. Бұл туралы қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Ержан Сейтенов мәлімдеді.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2020
Көне тарихымыздың көмбесін үйіңізде отырып-ақ аралай аласыз
Қым-қуыт тіршілікпен қарбаласып жүріп жайшылықта мәдениет ошақтарына бас сұғып, жан сарайымызды жаңғыртуға жиі уақыт таба бермеуші едік. Төрт қабырғаға қамап, телефон мен теледидарға телміртіп қойған қазіргі жағдай бір сәт терең ойлануға мұрша бергендей. Желідегі жеңіл дүниелерден жалыққан жұрт көне тарихтың көмбесі саналатын мұражайлардағы танымдық мұраларға үңіле бастады.
Коронавирус • 07 Сәуір, 2020
Алматыдағы науқастардың жағдайы баяндалды
Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 119 жағдайы тіркелген.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2020
Қазақ-қытай шекарасына жақын маңда жер сілкінді
Бүгін Алматыдан 357 шақырым қашықтықта жер сілкінді. Тербеліс Алматы уақыты бойынша 3 сағат 29 минутта тіркелген. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі хабарлады.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2020
Алматыда 6 мың адам әлеуметтік жәрдемақыларын алды
Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған алматылықтар 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемдерін ала бастады. Қазіргі уақытта ең төменгі жалақы мөлшерінде берілетін жәрдемақы алу үшін 14 мыңға жуық өтініш келіп түскен болса, 6 мыңдай азамат тиісті қаржыны алып үлгерген.
Экономика • 06 Сәуір, 2020
Қандай кәсіпкерлер салықтық рақымшылыққа ілінді?
Дағдарыс жағдайында тығырықтан шығудың тың тетіктерін тізбелеген Президентіміз азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетілетінін алға тартып, әсіресе, кәсіпкерлікті қолдауға айрықша маңыз беріп отыр. Осы бастама аясында шағын және орта бизнесті салықтан босату сынды бұрын-соңды болмаған шаралар қолға алынғанын білеміз.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2020
Алматы: Азық-түлік бағасын өсіргендер көлемді айыппұл төлейді
Мемлекет басшысы халыққа жолдаған үндеуінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының қымбаттамауы қатаң бақыланатынын баса айтқан болатын. Миллиондар тоғысқан мегаполис Алматыда бұл тәртіп сақталып отыр ма? Мамандар не дейді?
Аймақтар • 06 Сәуір, 2020
Азаматтарға психологиялық көмек көрсететін сайт ашылды
Аты жаман індетке қарсы күресте ел азаматтарын қолдау мақсатында психологиялық көмек көрсететін жаңа сайт іске қосылып отыр. Сайтта өтінім беруші SMS-хабарламамен жіберілген сілтемеге өту арқылы белгіленген уақытта мамандармен байланыса алады.
Қоғам • 05 Сәуір, 2020
Алматы: Соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге беріледі
Жастық жалынын майданға берген соғыс ардагерлері мен бейнетпен белдесіп жеңісті жақындатқан тыл еңбеккерлерін қолдау алдыңғы орында тұруға тиіс. Күн өткен сайын ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран болған жандардың қатары да сиреп барады.