Қоғам • 23 Сәуір, 2020

Алматылық құзырлы орын мұқтаждарға қол ұшын созды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылып, қиын жағдайға тап болған тұрмысы төмен жанұяларды қолдау шарасы жүйелі жалғасып жатыр. Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері «Біз біргеміз» бастамасына үн қосып, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау танытты.

Алматылық құзырлы орын мұқтаждарға қол ұшын созды

Карантинде жатқан аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін арнайы дайындалған себетте ең қажетті азық-түлік тауарларымен қоса антисептиктер бар. Жақсылық жәшігіне балдырғандарға арналған тәттілер де салынған.

«Қазір төтенше жағдай кезінде ешкімде жұмыс жоқ. Барлық жер жабық. Жағдайды ескере келе біздің қызметкерлер өзара ақылдасып, жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға көмек көрсету туралы шешімге келдік», – дейді қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Елнар Игіліков.

Жалпы төтенше жағдай жарияланған уақыттан бері Алматыда  мұқтаж отбасыларға қол ұшын созуға талпынған ақ жүрек жандардың көптеп шығып жатқаны көңіл қуантады.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10