Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
214 материал табылды

Экономика • 04 Желтоқсан, 2024

Экономикалық патриотизм – отандық өндірісті қолдаудың алғышарты

Қазір экономикасы қарқынды дамыған көптеген мемлекет ішкі нарықты қорғап-қолдауға басымдық беріп отыр. Халықаралық валюта қорының соңғы есебінде мұндай қолдау шараларының жартысына жуығы Қытай, Еуропалық Одақ, АҚШ экономикаларына тиесілі екені айтылған. Бұл үдерістен біздің еліміз де қалыс қалмайтыны анық.

Қаржы • 03 Желтоқсан, 2024

Базалық мөлшерлеме неге өсті?

Өткен аптада Ұлттық банк­тің Ақша-кредит саясаты коми­теті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. 2024 жылы біртіндеп төмендеп келе жатқан базалық мөлшерлемеге бірден 1% қосып, 15,25%-ға дейін өсіп кетті. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мұндай шешім инфляция мен елдің экономикалық дамуына қатысты болжамдарды, нақты деректер мен тәуекелдерді ескере отырып қабылданғанын айтты.

Құрылыс • 30 Қараша, 2024

Тұрғын үй нарығы бәсекеге дайын ба?

Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Халықтың тұрғын үйге мұқтаж санатын баспанамен қамтуды көздейтін құжаттың жаңалығы көп.

Қаржы • 29 Қараша, 2024

Қаржы нарығы қалай реттеледі?

Алматыда XII Қаржыгерлер конгресінде қаржы секторын либерализациялау мәсе­лелері мен оның экономикалық өсімге қалай әсер ететіні, ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы мен цифрлық теңгені дамыту перспективалары да сараланады.

Қаржы • 21 Қараша, 2024

Теңгені демейтін тіректі қайдан іздейміз?

Елімізде доллар бағамы 500 тең­геге жетіп жығылды. Ал Ресей валютасы 1 доллар үшін 100 рубльден асып кетті. Экономикадағы импорттың үлесі теңгенің құнсыздануына әсер етіп жатыр.

Экономика • 14 Қараша, 2024

Автосегментте Үкімет үлесі азая ма

Биыл автокөлік нарығына оң әсер ететін шешім қабылданды. Үкіметтің экономикалық блогі нарықтың осы сегментінен кететінін ашық айтты. Ендігі үміт – бизнес пен банктерде. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, Үкімет көлік сатып алуды жеңілдету мақсатында жеке тұлғаларға арнап лизинг енгізу туралы заңнаманы аяқтауға таяп қалды.

Қаржы • 13 Қараша, 2024

Бюджет дағдарысынан шығар жол қайсы?

Өтіп бара жатқан 2024 жыл ұмытыла бастаған «бюджет дағдарысы» деген тіркесті қайта есімізге салды. Осы жылдың маусым айында Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов елімізде бюджет дағдарысы жоқ деп мәлімдеді. Алайда тәуелсіз сарапшылар Ұлттық қордан миллиардтарға бағаланған интервенция бюджеттің жанына жалау бола алмайтынын ашық айтып жүр.

Экономика • 09 Қараша, 2024

Әуежай реформасы Алматыдан басталады

2028 жылдан бастап елімізден Еуропаға қатынайтын әуе компанияларына экологиялық таза әуе отынын пайдалану міндеттелді. Алматыда өткен «Green Airports» аймақтық семинарына қатысқан Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың айтуынша, 2028 жылдан бастап Еуропалық Одақ осы экологиялық таза әуе отынын пайдаланатын әуе компанияларын ғана қабылдайды. Мамандардың айтуынша, Еуроодақ елдерімен арадағы әуежолы интеграциясын дамыту үшін ұшақтарымызға экологиялық таза отын құймасқа амалымыз қалмайды.

Мәселе • 01 Қараша, 2024

Монополиядан арылудың амалы қандай?

«The Diplomat» басылымы Қазақстан экономикасының ірі секторлары толығымен мемлекеттің, шетелдік компаниялар мен бизнес-элитаның бақылауында екенін, өзгелеріне артықшылығы аз секторларда ғана орын бар екенін, ішкі жалпы өнімнің 76%-ы солардың уысында шоғырланғанын жазады. Қазіргі уақытта өндіру және өңдеу саласының (мұнай, газ және металдарды қоса алғанда) 29%-ы, сауда саласының 16%-ы, банк ісі және жылжымайтын мүлік саласының 12%-ы, байланыс саласының 11%-ы, құрылыс саласының 6%-ы, энергия саласының 2%-ы монополистердің қолында.

Экономика • 31 Қазан, 2024

Нарықтың жаңа форматына өтетін кез келді

2020 жылдан бастап әлемдік ритейлерлердің көбі онлайн сегментке басымдық бере бастады. Чат, видео, тікелей трансляция және әлеуметтік желілердегі сатып алулармен эксперимент жасады. Бұрын жеке сатуға сүйенген компаниялар цифрлық технологияларды қазіргі, жаңа ауди­торияны қамту құралы ретінде мойындады. Бізге де нарықтың жаңа форматына өтетін кез келді. Транзиттік мемлекет болғандықтан, көршілеріміз біздің елді тартымды нарық деп мойындайды. Бұл туралы Алматыда өткен ХХ Сауда әлемі конвенті жиынында ұйымдастырушы Елена Сарғалдақова айтты.