Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1699 материал табылды

Руханият • 20 Қараша, 2019

Түркістан: Жыр жаттаған оқушы миллион теңге ұтты

Түркістанда жас жыршылардың алғырлығы мен білімділігін анықтайтын «Жақсылар, дастан айтайын...» байқауы өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен байқаудың мақсаты – балалар арасында кітап оқуды және қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысқой, қайсарлық қасиеттерге баулу.  

Аймақтар • 20 Қараша, 2019

Түркістан: аудандық бөлімшелерге 16 жаңа жедел жәрдем көлігі берілді

Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына толық жабдықталған, заманауи талапқа сай жаңа көліктер берілді. Көліктер соңғы үлгідегі өкпені жасанды желдету аппаратымен, электрокардиограф, аспиратор және тағы да басқа аса қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Руханият • 20 Қараша, 2019

Үкаша ата кесенесі жанынан музей ашылды

Түркістан облысында Үкаша ата кесенесі жанынан музей ашылды. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің құрамына діни-рухани ескерткіш ретінде тізімге алынған кесенедегі «Үкаша ата тарихы» музейіне Құран кітаптар мен атаға қатысты аңыз-әңгімелер, суреттер, VІІ-ІХ ғасырларға тән құмыралар, диірмен, XIX-XX ғасырларға жататын мыс құмған сынды жәдігерлер қойылған.

Қоғам • 20 Қараша, 2019

Көшбасшылар ауыл тұрғындары арасынан шығады

Түркістан облысының Түлкібас ауданында ерекше сайлау өтті. Аудан тұрғындары таптаурын жиналыстар емес, ащы шындық айтылған пікірсайыстарға да куә болды. Өз ауылдастарының арасынан шыққан елге жанашыр белсенді азаматтардың аз емес екенін аңғарды, қадамдарын байқады. Қарапайым тұрғындар арқылы жергілікті әкімдік аудандағы түйткілді мәселелерге қанықты деуге болады. Ретімен баяндасақ.

Аймақтар • 19 Қараша, 2019

Түркістанда іскер әйелдер форумы өтті

Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырған «Әйел және бизнес» тақырыбындағы форумға өңірдегі қалалар мен аудандардан 200-ге жуық нәзік жанды бизнес өкілдері қатысты.

Аймақтар • 13 Қараша, 2019

Арыс қаласында 100 отбасы баспаналы болды

Арыс қаласында қайырымдылық қордың есебінен бой көтерген «Баламекен» шағын ауданынан 100 отбасы жаңа баспанаға ие болды.

Аймақтар • 13 Қараша, 2019

Ұлылар мұрасы – ұрпаққа өнеге

Түркістанда Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы да­ла­ның жеті қыры» бағ­дар­ламалық мақала­сын­да көрсетілген «Ұлы даланың ұлы есімдерін» ұлықтау мақсатында және Жастар жылына орай дәстүрлі «Ясауитану-2019» рес­пуб­ликалық байқауы өтті.

Қоғам • 07 Қараша, 2019

Түркістан: Кәсіпкерлердің көмегімен салынған спорттық нысандар қатары көбейе түсуде  

Түркістан облысы Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында бір мезетте 200-ден астам адам жаттыға алатын заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Аймақтар • 07 Қараша, 2019

Шардара СЭС электр энергиясын өндірудің жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындады

Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Шардара су электр станциясы электр энергиясын өндірудің жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындады. Осылайша, станция 2019 жылдың басынан бері жоспарланған 301 900 мың кВт сағаттың орнына 403 655 мың кВт сағаттан астам электр қуатын өндіріп отыр.

Аймақтар • 06 Қараша, 2019

Қоғам тыныштығын күзеткен әулет

Қасындағы серігін жәбірленуші әйелдің қасына қалдырған сержант оқиға орнынан біршама ұзап үлгерген қылмыскерді қуа жөнелді. Екі арадағы қашықтықты қысқарта түскенімен, қашқын қараңғы көшелердің біріне жалт бұрылып көзден таса болар түрі бар. Оның ойын болжап үлгерген милиция сержанты «Тоқта, атамын!» деп айқайлап, аспанға ескерту ретінде оқ атты. Оқыстан атылған оқ дауысы түнгі он шамасында мүлгіген тыныштықты бұзды...