Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1699 материал табылды

Аймақтар • 10 Қазан, 2019

Басты мақсат – білім сапасын бірлесе көтеру

Жоғары білім орындары ешқандай министрлікке тәуелді болмауы керек. Бұл мәселе Парламенттің отырысында талқыланып, 4 шілдеде «ЖОО-ның академиялық еркіндігін және басқарушылық дербестігін нығайту» туралы Заң қабылданған. Еуропада әлдеқашан іске қосылған бұл жүйе Орталық Азия елдерінде кешеуілдетіп жүзеге асырылып жатқанымен, аз уақыт ішінде іске асқан жобалар бүгінде өз нәтижелерімен қуантуда.

Руханият • 08 Қазан, 2019

«Ақсүмбе мен Ақсу-Жабағылы арасы» экспедициясы Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына арналды

Түркістан облысында мемлекет және қоғам қайраткерлері Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұловтың еңбектерін, өнегелі өмірін ел арасында насихаттау мақсатында Nur Otan партиясының бастамасымен, аудан әкімдіктерінің қолдауы­мен «Ақсүмбе мен Ақсу-Жабағылы арасы» атты экспедиция ұйымдастырылып, танымдық-тағылымдық іс-шаралар өткізілді. Созақ ауданынан бастау алған мерейтойлық іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мархабат Байғұт, қоғам қайраткері, Созақ ауданының Құрметті азаматы Қуаныш Айтаханов, аудан әкімі Салыхан Полатов, Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, зиялы қауым өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.  

Аймақтар • 07 Қазан, 2019

«Дарын» мектептері көбейеді

Түркістан облысында алдағы жылдары «Дарын» мектептері көбеймек. Биыл қараша айында дарынды балаларды пән олимпиадаларына дайындайтын, әдістемелік, педагогикалық жұмыстарды жүргізіп отыратын «Дарын» ғылыми-әдістемелік орталығы ашылады. Ал 2020 жылы «Оқушылар сарайын» ашу жоспарлануда. Заманауи білім ошақтары бой көтеріп, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға барлық жағдай жасалады.

Аймақтар • 07 Қазан, 2019

Ірі қаржы институттары аймақтарды қаржыландыруға әзір

Ұлттық экономикаға тартылатын қаржы ресурс­­тарының мөлшері, әлемнің халықаралық қаржы орталықтарының АХҚО-ға деген сенімі күшеюіне де байланысты. Бұл орайда «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) қолға алған игі істер аз емес. Бүгінде қомақты инвестиция талап ететін ең жоғары жаңа технологияларға өту жасыл қаржымен бай­ланыстырылмақ. Сондай-ақ жаңа экологиялық кодекс қабылданатын болады. Құжат биылғы жылдың ая­ғында Парламентке ұсынылады.

Аймақтар • 04 Қазан, 2019

Түркістан облысының әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Түркістан облысында биыл қараша айында дарынды балаларды олимпиадаға дайындайтын, әдістемелік, педагогикалық жұмыстарды жүргізіп отыратын «Дарын» ғылыми-әдістемелік орталығы ашылады. Ал, 2020 жылы оқушылар сарайын ашу жоспарлануда.

Руханият • 03 Қазан, 2019

Экранда – Бекзат бейнесі

Түркістанда «Бекзат» көркем фильмінің тұсаукесері өтті. «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірілген фильм Сидней Олимпиадасының чем­пионы, жасындай жарқ еткен жұлдыз Бекзат Саттар­хановтың өміріне арналған.

Аймақтар • 03 Қазан, 2019

Түркістанда азық-түлік белдеуі қалыптастырылуда

Түркістанда 2500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, жыл сайын қосымша 30 млрд теңгелік ауылшаруашылық өнімі өндірілетін болады. Осы мақсатта бүгінде жалпы құны 62,9 млрд теңге болатын 7 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жұмыстары қолға алынған. 

Қазақстан • 03 Қазан, 2019

Премьер-Министр жұмыс сапарымен Шымкент және Түркістан қалаларында болды

Премьер-Министр Асқар Мамин Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қаласын және Түркістан қаласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша өңірге жұмыс сапарымен келді.

Қоғам • 02 Қазан, 2019

Түркістан: Президент Жарлығымен өрт сөндірушілер мен полицейлер марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен төтенше жағдай болған сәтте шарасыз қалған адамдарды аман алып қалған қызметкерлер мемлекеттік нагадалармен марапатталды.

Кино • 01 Қазан, 2019

Түркістанда «Бекзат» көркем фильмінің тұсаукесері өтті

«Хабар» Агенттігінің тапсырысымен түсірілген фильм Сидней Олимпиадасының чемпионы, жасындай жарқ еткен жұлдыз Бекзат Саттархановтың өміріне арналған.