Аймақтар • 10 Наурыз, 2020

Түркістанда ұлттық нақыштағы қонақүй салынады

814 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа форматтағы қонақүй көлемі 2 400 шаршы метр болатын қайта жаңартылған ғимаратта орналасады. Оның қарапайым қонақүйден айырмашылығы – батыл дизайнерлік шешімдерде. Интерьер жергілікті нақышта, тарихи, ұлттық, сондай-ақ, туристерге өте тартымды қазақ халқының дәстүрлі элементтерімен өрнектелетін болады.

Түркістанда ұлттық нақыштағы қонақүй салынады

Түркістан қаласын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттер шеңберінде «Түркістан» ӘКК» АҚ облыс орталығының сервистік және қонақүй қызметтерінің нарығын зерттеген. Нәтижесінде болашаққа бағытталған жоба ретінде қаланың тарихи-мәдени орталығына орналасатын «бутик-отель» форматында қонақ үй соғылатын болды.

Жобаны іске асыру барысында қонақүй бизнесіндегі халықаралық стандарттарды басшылыққа алу ескерілетіні анық. Қонақүйде 66 бөлме болмақ. Бүгінде «бутик-отель» аталып отырған нысанды «BI Group» инвестициялық-құрылыс холдингінің еншілес компаниясы салады.

«Жыл сайын саны артып келе жатқан қажылық мақсатта келушілер мен туристер легін ескерсек, этникалық стильде безендірілетін бутик-қонақүйі сұранысқа ие болады және жаңа Түркістанның сәніне айналады», дейді «Түркістан» ӘКК» АҚ Инфрақұрылым мен туризмді дамыту департаментінің директоры Баян Каюпова.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025