Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің спорт нұсқаушысы Эльвира Шамсутдинованың жетекшілігімен зейнеткерлер азық-түлік себеттерін дайындады. Қайырымдылық себетіне ең алдымен күнделікті тұрмысқа қажетті негізгі азық-түлік түрлері енгізілді.
Ерікті әжелер бұл жолы елорданың шалғай аумағында орналасқан Лесозавод шағын ауданының тұрғындарына көмек көрсетті.
Атап айтқанда, көпбалалы, жалғызбасты аналарға, сондай-ақ жалдамалы пәтерде тұратын отбасыларға көмек көрсетті.
Өз кезегінде әлеуметтік қиындықтарға тап болған отбасылар волонтер әжелерге жүрекжарды алғыстарын айтып, ақ баталарын берді. Қайырымдылық акциясы зейнеткерлердің қоғамдағы белсенділігі мен мейірімділігінің ерекше көрінісіне айналды.