Тергеу барысында олардың аса ірі көлемдегі метадонды заңсыз сақтау және сатумен айналысқаны анықталған. Есірткі заттары күдіктілердің жеке заттары мен уақытша тұратын орындарын тінту кезінде тәркіленді.
Сонымен қатар, тергеу эксперименті кезінде ұсталғандар есірткіні өткізу үшін дайындаған жасырын орындарын көрсеткен. Полиция сондай-ақ есірткіні буып-түюге арналған құралдарды да айғақ зат ретінде тәркілеген.
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аталған дерек бойынша Грузия Қылмыстық кодексінің 260-бабының тармақтары бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл баптар 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.