Фото: turaninform.kz
Алғашқы кезеңде тараптар соғысты тоқтатып, Иран мен Ливанға қарсы әскери әрекеттерді болдырмау жөнінде нақты кепілдіктерге қол жеткізуі керек. Бұл қадам келіссөздердің негізгі іргетасы ретінде қарастырылып отыр.
Екінші кезеңде, егер алғашқы шарттар орындалса, тараптар соғыс аяқталғаннан кейін Ормұз бұғазының басқарылу тәртібін талқылайды. Иран бұл мәселе бойынша Оманмен үйлестіру жүргізу мүмкіндігін қарастырып отырғанын мәлімдеді.
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Үшінші кезеңде ғана Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелер күн тәртібіне шығарылады.
Осы жағдай аясында Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Ресейге сапармен аттанып, Владимир Путинмен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр. Кездесуде өңірдегі соңғы жағдай, келіссөздер барысы және атысты тоқтату мәселелері талқыланбақ.