Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1579 материал табылды

Марапат • 30 Наурыз, 2023

Тұрғындар қауіпсіздігі – басты назарда

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Шымкент қаласы полиция департаменті Тұран ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі Арман Әріпжанов ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Қоғам • 29 Наурыз, 2023

Сөздің ең жақсысы – іспен мақұлданғаны

Түркістан облысында әкіммен кездесулерде тұрғындар тарапынан инфрақұрылым, ауыз су, жол салу, жайылым, жер құнарын жақсарту, медициналық қызмет, білім сапасын арттыру, үй салуға жер телімін беру, кәсіпкерлікке қолдау сынды мәселелер көтерілуде. Кешегі сайлау науқаны кезінде де үміткерлер жергілікті жерлердегі өзекті деген мәселелерді де қамтып, оның шешімін табуына ықпал етуге уәделерін беріп жатты. Негізі облыс, аудан, ауыл аумағындағы мәселелер заң шеңберінде және қаржылық мүмкіндікке қарай біртіндеп шешімін тауып келеді.

Аймақтар • 21 Наурыз, 2023

Берекелі істің бастауы

«Керуен сарай» туристік кешеніндегі «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік сал­танаты Түркістанның руха­ни-тарихи астана атауы­ның мазмұнын терең қалып­тастыру мақсатында 10 күн­ге жоспарланған іс-шара­лардың шарықтау шегі болды.

Руханият • 21 Наурыз, 2023

Батасын алып атаның...

Түркістан облысында Наурыз мерекесін он күн бойы мағыналы іс-шаралармен атап өту дәстүрге айналған. Ал «Наурыз бата» мерекенің әрбір күні мен сәтіне мән беріп, қоғамдық тұрғыдан бірігуге бағыттау мақсатындағы іс-шаралардың қорытындысы болмақ.

Сайлау • 20 Наурыз, 2023

Сенім алға жетелейді

Қоғамның іргесін қалайтын сенімнің мағынасы тереңде. Әрбір отбасының өзі сенімге негізделіп құрылады, көршілердің, түрлі этнос өкілдерінің өзара сенімі, қоғамның билік пен оның тармақтарына сенімі маңызды. Кешегі сайлауда белгілі бір партияға, белсенді азаматтарға сенім білдірілді. Ендігі жерде ел сол сенімнің ақталуынан үмітті. Кесенеден немересін ерте шыққан қария да сенімнің маңызын аша түскендей болды.

Сайлау • 19 Наурыз, 2023

18 баланың анасы өз таңдауын жасады

Кентау қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Түймегүл Ергешқызы Т.Рысқұлов атындағы 24 мектептегі №899 сайлау учаскесіне отбасымен келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Дауыс берушілер наурыз көжеден дәм татты

Кентауда ақ кимешек киіп, ұлттық құндылығымызды дәріптеген аналар сайлау учаскесіндегі бақылаушылар мен дауыс берушілерге наурыз көже, бауырсақ, құрт-ірімшік үлестірді, деп жазады Egemen.kz.

Дін • 16 Наурыз, 2023

Діндер съезінің маңызы талқыланды

Түркістандық жастар бейбіт өмір сүрудің, толерантты қоғам, сондай-ақ конфессияаралық диалог құрудың бірегей қазақстандық моделімен танысты. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде тео­логия факультетінің магистранттары мен студенттеріне Н.Назарбаев Кон­фессияаралық және өркениетаралық диалогті дамыту орталығының төрағасы Болат Сәрсенбаев «Діндер съезінің маңызы» тақырыбында дәріс оқыды.

Аймақтар • 16 Наурыз, 2023

Шенеуніктер жұмысқа ұлттық киіммен келді

Түркістан облысының барлық аудан, қала әкімдіктері мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері жұмысқа қазақтың ұлттық киімін киіп келді.

Аймақтар • 09 Наурыз, 2023

600 мыңнан астам көшет егіледі

Наурызда атқарылатын игі істің бірі – тал егу. «Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұс­танған халқымыз үшін ағаш отырғызу – маңызды істердің бірі. Осындай игі істің жандана түсуіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын­да жүктелген 2021-2025 жылдар аралығында еліміздің орман ал­қаптарында 2 млрд және қалалар мен елді мекендер аумағына 15 млн ағаш көшетін отырғызу міндеті де ықпал етіп жатыр.