
Еңбек • 13 Қыркүйек, 2023
Наубайхана ашып, нәпақа тапқан
Ауылдағылар дүкеннен нан сатып алмайтын. Әр отбасында ақ жаулықты аналар бірі тандырға, енді бірі табаға салып, ас атасы – нанды өздері жабатын. Ілгеріде. Кейінірек оған заманауи дерлік қысқа толқынды пештерде пісіретіндер қосылды. Бүгінде нанды және нан өнімдерін дүкеннен сатып алатындардың қатары қалыңдай түскен. Оның себебі де көп. Соның бірі – сапасы, яғни ерекше дәмінде болса керек. Мысалы, Созақ ауданындағы Жуантөбе ауылының тұрғындары Аманқыз пісірген нанды тұтынады, той-жиын өткізетіндері де соған тапсырыс береді.
Жәдігер • 13 Қыркүйек, 2023
Биыл халықаралық мәдени мұралар тізіміне енгізу мақсатында «Арпаөзен» тарихи-мәдени кешеніне археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Зерттеу арқылы 5 мыңнан астам петроглифтің сырын ашып, халықаралық тізімге енгізу бойынша ұсыныс жолданады.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2023
Тегін оқытады, жұмыссыз қалдырмайды
Мемлекет басшысының Жолдауында білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек екені айтылды. «Ұлттық экономиканың бірқатар саласында кадр тапшылығы қатты сезіліп отыр. Әсіресе техникалық және жұмысшы мамандар жетіспейді. Сондықтан осы салаларға қатысты білім берумен мықтап айналысқан жөн», деді Президент.
Экология • 13 Қыркүйек, 2023
Суды үнемдеу – басты қажеттілік 223 канал, 208 су қашыртқысы, 149 тік дренаж күрделі жөндеуден өтеді
Шаруаға қажетті ағын су мәселесі – Түркістан облысының мақталы аудандарында өте өзекті. Яғни Жолдауда көтерілген ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты мәселелер «ақ алтынды» Мақтаарал ауданы үшін маңызды болып тұр.
Отбасы • 08 Қыркүйек, 2023
Демографиялық өсім жоғары өңірде мәуелі әулетке айналған, бүгінде өзгелер үлгі-өнеге алар отбасылар қатары қалың. Бұл орайда отбасылық құндылықтарды насихаттауда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының алар орны ерекше. Қазақ халқы үшін отбасы – қасиетті ұғым, қастерлі құндылық. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізі осы отбасында қалыптасады.
Театр • 08 Қыркүйек, 2023
Ең алғаш шымылдығын қазақтың классик жазушысы Б.Майлиннің «Жалбыр» пьесасымен ашқан Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры 55-маусымын А.Володиннің «Махаббат бер!..» драмасымен бастады.
Мектеп • 05 Қыркүйек, 2023
Жаңа мектеп ғимараты ауылдың ажарын аша түсері анық. Сыртқы келбеті де, ішкі дүниесі де заманауи үлгідегі нысанның көркін балалардың риясыз күлкісі еселейді. Түлкібас ауданындағы Еңбекші ауылында тозығы жеткен мектептің мәселесі бірнеше жылдан бері шешімін таппай келген болатын. Биыл оқушылар жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастауға мүмкіндік алды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған мектеп ел игілігіне пайдалануға берілді.
Аймақтар • 30 Тамыз, 2023
Облыс орталығында Конституция күніне арналған «Ата Заңым – айбыным!» атты іс-шара ұйымдастырылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңір тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, Түркістанның 5 жыл ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2023
Төрт ай бойы түркістандықтар және киелі қала қонақтары өнер фестивалін тамашалау арқылы өңір өнерпаздарын таныды, рухани азық алды. Ал көркемөнерпаздар ұжымы, суретшілер мен қолөнер шеберлері, жалпы мәдениет саласының мамандарына шығармашылық деңгейін танытып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалды. Иә, Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өз мәресіне жетті.
Медицина • 29 Тамыз, 2023
Түркістан облысы Жетісай ауданында жеке инвестор есебінен заманауи медициналық орталық салынады. «Al-Razi Medikal» ЖШС 3 гектар жерге емхана мен көпбейінді реабилитациялық орталық салуды көздеп отыр. Жоба құны – 7 млрд теңге.