
Аймақтар • 28 Тамыз, 2023
Отырарда «Ұлы Жібек жолы бойындағы тоқыма және зергерлік өнер» атты халықаралық қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті. Мәдениет және спорт министрлігі мен «Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы» қорының қолдауымен, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеде Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірінен келген 50-ден астам тоқыма және зергерлік өнердің хас шеберінің қолөнер бұйымдары қойылды.
Мектеп • 25 Тамыз, 2023
Түркістан облысындағы кей мектептерде жаңа оқу жылына дайындық енді қыза бастағандай, құрылыста да жанталасқан әрекет. Кейінгі жылдары сыбайлас жемқорлықпен, түрлі қылмыстық оқиғалармен «танымал» болған өңірдің білім саласында, мектептердің құрылысы мен күрделі жөндеуден өткізілуі бекітілген кестеден кешігуі үлкен даулардың тууына түрткі болғалы тұр. Өйткені жаңа оқу жылына дайындық көңіл көншітпейді. Дегенмен облыс әкімдігі ай соңына дейін түзелер азын-аулақ шаруа болмаса, мектептер оқу жылына дайын деп отыр.
Оқиға • 22 Тамыз, 2023
Бір әулеттен 11 адам суға батып кетті
Ауыр жағдай. Бір әулеттің басына түскен қайғылы оқиға кімнің де болсын жүрегін ауыртып, ойландырары анық. Түркістан облысында болған қайғылы оқиға туралы ақпарат дүйсенбі күні түнде жария болды. Отырар ауданындағы Сырдария өзенінің жағасына бір әулеттен тараған 4 отбасы мүшелерінің демалысы қайғымен аяқталды. Демалуға келген 20 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі балалар болса, 6-уы ересек адам.
Отбасы • 22 Тамыз, 2023
Отбасы құндылығы – өнеге бастауы
Түркістанда еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, халықтың дәстүрлі рухани мәдениетін ілгерілету, дін саласындағы мемлекеттік саясатты кеңінен түсіндіру және ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2023
Жуырда Түркістанда өткен халықаралық конференцияда мамандар Арал теңізінің тартылуы, түбінің тұздануы оған жақын орналасқан көрші мемлекеттер мен еліміздің бірнеше өңіріне, оның ішінде Түркістан облысындағы бірқатар аудан, елді мекендерге де табиғи кері әсерін тигізіп жатқанын айтып, алаңдаушылық білдірді. Арал ұлтанына өсімдіктер егу және сексеуіл алқабын отырғызу – тұздың ұшпауына тосқауыл болатын жалғыз жол екені де айтылды. Бұл орайда Президент тапсырмасына сәйкес Арал аймағы экологиясын оңалту бағытында 2025 жылға дейін аңқасы кепкен теңіздің 1,1 млн гектар аумағына сексеуіл тұқымы егілуге тиіс.
Ғылым • 11 Тамыз, 2023
Жасыл желекті көркейтуге арналған жиын
Соңғы жылдары елімізде ауа райының өзгеруіне байланысты жылдық жауын-шашын түсім мөлшерінің азаюы, қуаңшылық, судың жетіспеуі және басқа да табиғи факторлар орын алып жатыр. Бұл мәселелерге Мемлекет басшысы мен Үкімет ерекше назар аударып келеді. Осы орайда халықты, экономика салаларын және табиғи нысандарын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін елімізде 2050 жылға дейінгі ғылыми-қолданбалы инновациялық стратегия әзірленді.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2023
Еліміздегі ең үлкен ауыл Қарабұлақ тұрғындарының елді мекен маңайындағы сарқынды су жиналатын орындарға байланысты жанайқайын «Қарабұлақтың қан-жын аққан «бұлағы» тақырыбымен мамырда «Egemen Qazaqstan» газетінде жариялаған едік. Ашық жатқан қалдық судың иісі қолқаны қабатыны аздай, бау-бақшаны суаратын арыққа құйылатынын айтқан тұрғындар қоршаған ортаға зиян келтіріп жатқан көлшіктерге қатысты жергілікті биліктің көп уақыттан бері нақты шара қолданбай отырғанына наразылық білдірген-ді.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2023
Қолдан жасалған тапшылық пен қымбатшылық өңірде қалай шешілді?
Шардаралық шаруалар наразылығын білдіріп, күре жолды жапқан болатын. Ілгеріде. Жиын-терім кезінде жеңілдетілген жанар-жағармай берілмей, қажеттілігі жоқ кезде ұсынылатынына наразы диқандар талап-тілегін күре жолды жаба жеткізген-ді. Сондай-ақ өңір диқандары ауыл шаруашылығына ауадай қажет тыңайтқыштардың қымбаттығына да жиі шағымданатын. Шаруалардың дала жұмыстарын уақытында және сапалы жүргізуіне қолдан жасалған мұндай кедергілер облыстық мәслихат депутаттарының көмегімен оң шешімін тапқан.
Қоғам • 29 Маусым, 2023
Кентаудағы «Ризық-Раяна» дәмханасынан «пицца», «чикен» және «суши» алып жегендер дене қызуы көтеріліп, құсу, іштің өтуі, жалпы әлсіздік, денесінің қақсауы бойынша дәрігерлерге шағымданған. Орталық қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне сейсенбіден бастап, кешегі бейсенбі күнгі мәлімет бойынша тағамдық токсикоинфекциямен 92 науқас қаралыпты. Өкінішке қарай, бұл сан әлі де көбеюі мүмкін. Дәрігерлердің көмегіне жүгінгендердің ішінде 67 науқас инфекциялық стационарға жатқызылған.
Аймақтар • 28 Маусым, 2023
Түркістан облысының республикалық бюджет трансферттеріне тәуелділігі жоғары. Осы орайда өзіндік кірістерді көбейту мақсатында облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды ірі жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте тарқатып айтып берді.