Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1699 материал табылды

Қоғам • 03 Мамыр, 2023

Кесене іргесінің беріктігі маңызды

Соңғы кезде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің «қабырғалары құзданып, тұзы шығып, бұзылып жатыр» деген ақпарат қызу талқыға түсіп жатыр. Оған кесененің қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдірген Мақсат Толықбай, Айдос Сарым, Ринат Заитов сияқты Мәжіліс депутаттарының сауалы да себеп болғаны мәлім. Дегенмен кесененің жайы бүгін ғана емес, кейінгі жылдары бірнеше рет көтерілген.

Аймақтар • 03 Мамыр, 2023

Қарабұлақтың қан-жын аққан «бұлағы»

Еліміздегі ең үлкен ауыл саналатын Қарабұлақ тұрғындары елді мекен маңайындағы сарқынды су жиналатын орындардан мезі болып отыр. Ашық жатқан қалдық судың иісі қолқаны қабатыны аздай, борсығаны былай, бау-бақшаны суаратын арыққа да құйылып жатыр. Тұрғындар қоршаған ортаға зиян келтіріп жатқан көлшіктерге қатысты жергілікті биліктің көп уақыттан бері нақты шара қолданбай отырғанына наразы.

Аймақтар • 02 Мамыр, 2023

Ақынын ауылы еске алды

Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округіне қарасты Мә­дени елді мекенінде ақын Саты­балды Тілеуұлының 140 жыл­дығына орай еске алу кеші өтті.

Халық • 30 Сәуір, 2023

Қобызға құштар Богларка

Алты тіл білетін мажар қызына қоңырау шалып, әрине, қазақша сөйлестік. «Тұмарша дей беріңіз – бұл есімім Богларканың қазақша аудармасы. Оңайша апай маған Тұмарша деген қазақша есім берген», деді Мажарстан астанасы Будапешт қаласының тума­сы. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқитын мажар қызы Богларка Фехер бүгінде өнерімен, білімімен Қазақ еліне танылып үлгерді.

Мәселе • 27 Сәуір, 2023

Мақта мәселесі оңтүстік өңірдегі дауға себеп болып отыр

Былтыр күзде мақта дақылын өсірумен айналысатын диқандар облыс әкімдігіне келіп, мақта бағасына қатысты наразылықтарын білдірген болатын. Жалпы, машақаты көп мақта мәселесі жылда көтеріледі. Бағаны көтеру, субсидия беру, терең өңдеу кәсіпорындарын ашу сынды ұсыныстар да жыл сайын айтылып жүр. Шаруалардың жаппай шағымдануына, облыс әкімдігі алдында наразылықтарын білдіруіне себеп болған жағдайлардың биыл қайталанбауы үшін не істеу қажет?

Қоғам • 25 Сәуір, 2023

Теріскейге көшуге ниетті

Түркістан облысына Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарынан арнайы келген 76 маман бірқатар ауданды аралап, әр сала бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Мақтаарал ауданында басталған «Қоныс аудару» жәрмеңкесі Сайрам ауданында жалғасып, Түркістан қаласында қорытындыланды. Үш күннің ішінде 500 отбасы, яғни 2 мыңға жуық түркістандық теріскейге көшуге ниет білдіріп отыр.

Қылмыс • 25 Сәуір, 2023

Өрімдей қыздың өлімі

Оның арманы асқақ еді. Анасы да қызын тоғызыншы сыныпты тәмамдаған соң қасына алып, білімін колледжде жалғастыруын ойлас­тырып жүрген екен. Қатарынан қалдырмай, бетінен қақпай өсірген ата-әжесі де сүйікті немеренің тілеуін тілеп, үлкен үміт артты. Әттең...

Өнер • 18 Сәуір, 2023

Рухани астананың тарихи бейнесі

Оқушылар сарайының ЮНЕСКО клубы Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдық мерейтойына орай қылқалам шеберлері және кәсіби, әуесқой фотографтар арасында ұйымдастырған «Көне мен келешек көпірі» атты халықаралық байқау мәреге жетті.

Мәселе • 17 Сәуір, 2023

Су тапшылығы – шаруаның ғана мәселесі емес

Түркістандық диқандардың көктемгі қарбалас тіршілігі ақпан айынан-ақ бас­талып кеткен. Әсіресе Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш, Келес аудандарының еңбеккерлері ерте қамданады. Қоян жылының көктемінде жауын-шашын мол болды. Дегенмен өңір үшін ағын судың жеткілікті болуы маңызды.

Халық • 16 Сәуір, 2023

«Neke tour» жеңімпаздары

«Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күніне» орай Түр­кістан қала­сына «Neke tour» респуб­ли­ка­лық бай­­қауының же­ңім­паз­дары келді.