
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Дауыс берушілер наурыз көжеден дәм татты
Кентауда ақ кимешек киіп, ұлттық құндылығымызды дәріптеген аналар сайлау учаскесіндегі бақылаушылар мен дауыс берушілерге наурыз көже, бауырсақ, құрт-ірімшік үлестірді, деп жазады Egemen.kz.
Дін • 16 Наурыз, 2023
Діндер съезінің маңызы талқыланды
Түркістандық жастар бейбіт өмір сүрудің, толерантты қоғам, сондай-ақ конфессияаралық диалог құрудың бірегей қазақстандық моделімен танысты. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде теология факультетінің магистранттары мен студенттеріне Н.Назарбаев Конфессияаралық және өркениетаралық диалогті дамыту орталығының төрағасы Болат Сәрсенбаев «Діндер съезінің маңызы» тақырыбында дәріс оқыды.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2023
Шенеуніктер жұмысқа ұлттық киіммен келді
Түркістан облысының барлық аудан, қала әкімдіктері мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері жұмысқа қазақтың ұлттық киімін киіп келді.
Аймақтар • 09 Наурыз, 2023
600 мыңнан астам көшет егіледі
Наурызда атқарылатын игі істің бірі – тал егу. «Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін ағаш отырғызу – маңызды істердің бірі. Осындай игі істің жандана түсуіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жүктелген 2021-2025 жылдар аралығында еліміздің орман алқаптарында 2 млрд және қалалар мен елді мекендер аумағына 15 млн ағаш көшетін отырғызу міндеті де ықпал етіп жатыр.
Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2023
Сол кездесуде айтылған әсерлі де ауыр, мұңды да мағыналы, өміршең де өнегелі әңгімелер әлі күнге дейін ойымнан кетер емес. Көктемнің алғашқы хабаршысындай, тоңы жібіп үлгермеген қара жерді жарып шығатын бәйшешек гүлін қызықтаған, көктемі ерте шығатын біздің өлкенің бойжеткендерін көріп те сол кездесу еске түскен-ді. Тағдыры талайлы жас жазушы туындысын неге «Бәйшешек» деп атады деген сұрақ та маза бермеген.
Тұлға • 05 Наурыз, 2023
Көркемсөз бен көсемсөздің дүлдүлі
Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында көркемсөз бен көсемсөздің кемеңгері, түркі әлеміне танымал тұлға, заңғар жазушы Мархабат Байғұтты еске алу кеші өтті. Шығармашылық кешке жазушының өмірдегі үзеңгілес серіктері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2023
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағында қызғалдақ пен гүлдердің 15 түрі өсіріледі. Түркістандық ғалымдар осы бастама арқылы қызғалдақты жан-жақты зерттеп, сұрыптарын жерсіндіруді жоспарлап отыр.
Туризм • 02 Наурыз, 2023
Зиярат туризмі Түркістаннан басталады
Түркістанды қазақ халқы мен түркітілдес елдердің ең ірі зиярат және туризм орталығына айналдыру бойынша атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар аз емес. Алайда жуырда бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілген туристер көп баратын ең тартымды қалалар қатарынан Түркістанды таппадық.
Құқық • 02 Наурыз, 2023
«Қолжетімсіз жайылым...» Әкімдер статистиканың бұрмалануына мүдделі ме?
Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округінде жеке секторда 1 382 бас мал бар. Ал ауыл округінің есебінде 8 817 бас мал тіркеліп, ереже нормативіне сай 6 768 гектардың орнына 10 477 гектар жайылым қажет деп табылған. Яғни мал басының есебі дұрыс жүргізілмеуі салдарынан мемлекеттік статистика бұрмаланған.
Қоғам • 28 Ақпан, 2023
Абайдың оқуға зеректігін байқап, бала күнінен өлең-жырға шыңдап, болашағына үлкен әсер еткен зерделі Зере әже, қазақ фольклорының небір асыл үлгілерін, інжу-маржандарын санасына сіңіріп, Шоқанның зерек те ойшыл болып өсуіне зор ықпал еткен әжесі Айғаным Тастұмсық ауылының тумасы Мейірханмен әңгімелескенде ойға оралған-ды.