Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1699 материал табылды

Аймақтар • 04 Қаңтар, 2023

Қаржыны дұрыс жоспарламаудың әлегі

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мекемесінде электр желілері қосалқы стансасын салуға орындалмаған жұмыстар үшін 356 млн теңге аударылған. Ал «Төле би ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі 8 млн теңгені жеке ашылған есепшотына негізсіз артық аударғаны анықталып отыр. Қабылданған шаралармен жоғарыда айтылған сомалар бюджетке толық көлемде өтелген. Тиісті материалдар құқық қорғау органдарына беріліп, қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Қоғам • 04 Қаңтар, 2023

Қоғамдық кеңес қозғап еді...

Білім саласындағы былықтар Түркістан өңірінде көптен бері көтеріліп келеді. Жас ұрпаққа дұрыс бағдар, сапалы тәлім-тәрбие беру басты міндеті саналатын білім беру мекемелерінің жұмысы ашық та мінсіз болуға тиіс. Алайда өңірдің білім саласы қателіктен сабақ алмай, жемқорлыққа жиі жол береді. Жуырда бұл саладағы заңсыздықтар мен кемшіліктер облыстық қоғамдық кеңесте айтылды.

Руханият • 20 Желтоқсан, 2022

Көсемсөз сардары

Шерхан Мұртаза мұрасына арналған халықаралық симпозиум Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасында қазақ әдебиеті мен баспасөзіне өлшеусіз үлес қосқан заңғар жазушы, қайраткер тұлға Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Көркемсөздің көшбасшысы, көсем­сөздің қолбасшысы» атты халықаралық симпозиум өтті. Келелі басқосуға Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және еліміздің өңірлерінен ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Руханият • 19 Желтоқсан, 2022

Алпыс отбасы баспаналы болды

Тәуелсіздік күні мерекесі мен Төлеби ауда­нының құрылғанына 90 жыл толуына орай аудан орталығы Ленгір қаласында 3 көп­қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында са­лынған үйден пәтер кезегінде тұрған 60 от­басыға бас­пана кілттері табыс етілді.

Қоғам • 22 Қараша, 2022

Балабақшадағы тәрбиеші ағай

Құралбай Исабектің Кентау қаласындағы балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеп жүргеніне биыл 6 жыл болыпты. Ол мұнда жастар тәжірибесімен келген. Содан бері балалардың жан-жақты дамуына өз үлесін қосып келеді.

Аймақтар • 22 Қараша, 2022

Термешілер тереңнен толғады

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының концерт залында облыстық «Бабадан қалған асыл сөз» жас термешілер байқауы өтті. Облыстық Мәдениет басқармасы мен облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығы биылғы «Балалар жылына» орай жыл басынан бері «Бал таңдай» облыстық балалар өнер фестивалін ұйымдастырып келеді.

Аймақтар • 21 Қараша, 2022

Еңбекпен түлеген Түркістан

Түркістан облысында елді мекендерді таза ауыз су, жарық, газ, сапалы жолмен қамту мәселелері басты назарда. Облыста 831 елді мекеннің 712-сі, яғни 7 қала, 705 ауыл немесе 85,7%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Жоспарға сәйкес қалған 119 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етуге 21,7 млрд теңге қажет. Осы мақсатта биыл 21 нысанға 5,1 млрд теңге бөлінді. 10 нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қалғаны келер жылға өтпелі. Нәтижесінде, 23 елді мекенге ауыз су беріліп, облыс бойынша қамтамасыз ету көрсеткіші 87 %-ға жетеді.

Аймақтар • 21 Қараша, 2022

Түркістанда сайлау күні 90 нәресте дүние есігін ашты

Түркістан облысында сайлау күні 90 нәресте дүние есігін ашты. Атап айтсақ, 46 ер бала, 44 қыз, оның ішінде 2 егіз дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 20 Қараша, 2022

Сайлау күні Түркістан облысында 90 нәресте дүние есігін ашты

Сайлау күні Түркістан облысы бойынша 90 нәресте дүние есігін ашты. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, 46 ер бала, 44 қыз, оның ішінде 2 егіз дүниеге келді. Егіздердің бірі –­­ Қазығұрт ауданында, екіншісі Түлкібас ауданында туған. Дәрігерлердің хабарлауынша, аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы, деп жазады Egemen.kz.