Білім • 23 Қазан, 2025
Кейінгі жылдары жасанды интеллекттің мүмкіндігімен интеграцияланбаған сала кемде-кем. Бірақ оған қатысты жаңалықтар тек үлкен қалалармен ғана байланыстырылып айтылатын. Бүгінде жасанды интелект мүмкіндігін, әсіресе, білім саласындағы жаңашылдық ауыл мектептерінде пайдаланылып отыр. Бұл орайда жас мамандардың талпынысы жоғары.
Ауыл • 22 Қазан, 2025
Қазақтың алтын тамыры, дәстүр мен құндылықтың қайнар көзі ауыл өмірінің шынайы болмысын көрсетіп, ұлттық ойындарды кеңінен насихаттауды мақсат еткен Қазығұрт ауданы әкімдігі реалити-шоу сайысын өткізді.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Түркістан облысында Рухани келісім күніне орай өзара сыйластық пен бірлікті насихаттау мақсатындағы түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Аймақтар • 15 Қазан, 2025
Қуаңшылық қысып, көтерем мал көбейді
Түкістан облысында жауын-шашынның аздығынан жайылымдар мен шабындықтар ерте қурап, жем-шөп бағасы бір жылда тоннасына 35 мыңнан 60 мың теңгеге дейін өсті. Қысқа жеткілікті азық дайындай алмаған қожалықтар малын арзанға сатуға мәжбүр, ал ұсақ шаруалар қарызға шөп тасып отыр.
Заң мен Тәртіп • 08 Қазан, 2025
Отбасылық-тұрмыстық қылмыс көбейіп тұр
Қазағы қалың Түркістан облысында кейінгі кездері елді елең еткізген жантүршігерлік қылмыстар болды. Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық, оған қатысты құқық бұзушылықтар және олардың алдын алу өзекті мәселеге айналып отыр. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар көбіне жабық есік күйінде қалып, көп жағдайда жария болмай жатады.
Табиғат • 08 Қазан, 2025
«Жасыл белдеу» жайқалып келеді
«Шардара» су қоймасының жағалауынан 3,2 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық арнайы техникамен полигонға шығарылды. Республикалық «Таза Қазақстан» акция аясында жүргізілген сенбілік жұмыстары барысында экологиялық тазалықты сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 04 Қазан, 2025
Түркістан облысында өңірлік жұмыспен қамту картасы жасақталып, биыл 130 мыңнан астам тұрғынды жұмыспен қамту межеленген. Бүгінде 100 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды, оның 35 мыңнан астамы – жұмысшы мамандық иелері.
Білім • 03 Қазан, 2025
Ұлттық жобаны ата-аналар лайықты бағалады
Түркістан облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 8 жаңа мектеп білім күні шәкірттерге өз есігін айқара ашқан болатын. Атап айтқанда, Төлеби ауданының Достық ауылында 900 орынды, Сайрам ауданының Ақсу ауылында 600 орынды жаңа мектептер пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Шардара, Сауран, Келес, Сарыағаш, Ордабасы аудандары мен Арыс қаласында да жаңа білім ошақтары шәкірттерді қабылдады. Жалпы, «Келешек мектептері» жобасы аясында облыста 46 мың шәкірт білім алатын 29 мектептің құрылысы жүргізілді. Оның 13-і өткен оқу жылында пайдалануға берілді.
Өндіріс • 24 Қыркүйек, 2025
Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Ықыластемір елді мекенінде «Altyn land» ЖШС-нің автоматтандырылған қыш зауыты іске қосылды. Нысан жеке кәсіпкердің қаражаты есебінен салынған. Жоба құны – 2,3 млрд теңге. Өткен жылдың сәуір айында басталған құрылыс жұмысы биыл тамызда аяқталған. Жылына 90 млн дана кірпіш шығаратын зауытта 120 жаңа жұмыс орны ашылды.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2025
Өңдеу өнеркәсібінің жаңа орталығы болудан үмітті өңір
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру керектігін атап өтті. Бұл орайда ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуге тиіс. Сондай-ақ Президент әр өңірде дайын өнімді өндірістен дүкен сөресіне дейін жеткізетін біртұтас желі қалыптасуы қажеттігін айтты.