Аймақтар • Бүгін, 08:10

Үш емдеу мекемесі ашылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері өңірдегі бірқатар ауданда жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП) қатары көбейіп, шалғайдағы ағайынның денсаулығын жақсартатын нысандар жаңарды. Мәселен, Мақтаарал ауданында бір мезетте үш бірдей емдеу мекемесі есігін айқара ашты.

Үш емдеу мекемесі ашылды

Сурет: facebook.com/ontustik.gov.kz

Ж.Нұрлыбаев ауылдық ок­ругіне қарасты Өнімкер, Ырыс­­ты, Қарақыр елді мекен­де­рінде бой көтерген бұл ны­сан­­дар мемлекет-жеке­мен­шік әріптестігі аясында салын­­ған. Заманауи медици­на­лық құрылғылармен толық жаб­дық­талған пункттер ауыл тұр­ғын­дарына алғашқы медициналық көмек көрсету, скринингтік тексерулер жүргізу, ана мен бала денсаулығын бақылау бағытында сапалы қызмет ұсынады. Жалпы, кейінгі екі жылда аталған ауданда осындай 10-ға жуық нысан халық игілігіне берілген.

Игі бастама Қазығұрт ауда­нында да жалғасын тапты. Жуыр­да мұндағы Жұмысшы ауылын­да су жаңа фельдшер­лік-акушерлік пункт жұмысын ­бас­таса, Сарыағаш ауданында бір күнде екі бірдей медицина­лық нысан қатарға қосылды. Атап айтқанда, Төңкеріс, Береке ауыл­дарында заманауи талаптарға сай дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді. Жеке инвестор есебінен тұрғызылған ғимараттар ЭКГ аппараттарымен, гинекологиялық, балаларға арналған арнайы бөлмелер­­мен, сондай-ақ физиотерапиялық құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

Түйіндей айтсақ, былтыр облыс көлемінде 30-ға жуық фельд­шерлік-акушерлік пункт ел игілігіне берілді. Бұдан бө­лек, қазір Сарыағаш қаласы мен Темірлан ауылында «Арнаулы мемлекеттік қор» есебінен екі бірдей перинаталдық орталықтың құрылысы қызу жүріп жатыр. Жалпы құны 83,2 млрд теңгені құрайтын қос жобаны мерзімін­де аяқтауға биыл облыстық бюджеттен 34,6 млрд теңге бөлу ұсы­нылды.

 

Түркістан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Өлең құрастыратын кітап

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50