
Аймақтар • 09 Маусым, 2022
Түркістан қаласында соңғы 3 жылда әлемдік деңгейдегі бірнеше спорт нысаны бой көтерді. Стадион, Olympic Center спорт кешені пайдалануға берілді. «Мұз сарайы», Бекзат Саттарханов спорт кешені салынуда. Ал күні кеше техникалық ашылуы өткізілген салтанатты жиынға 14 жасқа дейінгі еліміздің бірінші ракеткасы, Еуропада топ жарып жүрген Заңғар Нұрланұлы қатысты.
Аймақтар • 05 Маусым, 2022
Түркістан өңірінің тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да ұйымдастырылған №133 референдум учаскесінде 2,5 мыңға жуық сайлаушы тіркелген. Таңғы 7-ден бастап белсенділік танытқан тұрғындар Жаңа Қазақстанды құруға деген ниеттерін білдіріп, өз таңдауларын жасап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Шымкенттік Өркен ақсақал өзгерісті қалайды
Шымкент қаласында референдумның заң талаптарына сай өтуіне 900-ге жуық байқаушы бақылау жүргізіп жатыр. Оның ішінде шет мемлекеттерден келген 12 байқаушы бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Референдумға тұңғыш рет қатысқан түркістандық сыйлық алды
Түркістан қаласында таңғы 7-де жұмысын бастаған 50 референдум учаскесінде тұрғындардың алғашқы легі өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Маусым, 2022
Ұлттық рәміздер – ұлттық мақтаныш
Елді танытар ұлттық құндылық – Ту, Елтаңба, Әнұран бүгінде төрткүл дүниеге кеңінен танылды. Айбынымызды асырған Мемлекеттік Рәміздерді құрметпен ұлықтау – әр азаматтың парызы. 4 – маусым Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай еліміздің әр аймағында түрлі іс-шаралар бастау алды.
Спорт • 02 Маусым, 2022
Спорт білім алуға кедергі келтірмейді
Балаларды қорғау күні Шымкент Жастар лигасы жобасының жеңімпаздары марапатталды. Турнирдің салтанатты жабылу рәсімі Қажымұқан атындағы орталық стадионда өтті. Мектепаралық жарыстың қорытындысы шығарылмас бұрын, Лига финалына жолдама алған қос футбол командасы өзара бақ сынасты.
Қоғам • 02 Маусым, 2022
Қайырымдылық пен мейірімділік – қанымызға сіңген қасиет. Қазақта асар жасап, бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсету дәстүрі бар. Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп бекер айтпаған. Түркістан өңірінің қайырымды азаматтары мұқтаж жандарға баспана сыйлап, ел алғысына бөленуде. Бұл бағыттағы қайырымдылық, әсіресе мектепті жиырма жыл бұрын бітірген түлектер тарапынан жиі жасалуда.
Саясат • 01 Маусым, 2022
Саяси жүйені реформалау ісі жалғасады
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркістан облысында жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында конституциялық реформаның мәні мен маңызы кеңінен сөз болды.
Қазақстан • 26 Мамыр, 2022
Өзіндік үнімен, суреткерлік қасиетімен танылған Қосжан Мүсірепов аз ғана уақыт өмір сүрсе де, әдебиетке іргелі шығармалармен олжа салды. Нәзік иірімдерге толы нәркез новеллалар жазудың да хас шебері болған. «Жоғалған ақ алмас», «Жарық дүние», «Намыс», «Асылық», «Өкініш», «Алтын анам», тағы басқа да новеллалары жүрек қылын шертеді, оқырманын иірімі терең мұңға орайды. Ақынның балаларға арнап жазған шығармалары да зерттеп-зерделеуді қажет етеді.
Референдум • 26 Мамыр, 2022
Cаll орталықтар – 7/24 режімде
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Түркістан облысының Арыс және Шымкент қалаларында іссапарда болып, өңірлердің референдумға дайындығын бақылады.