Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1699 материал табылды

Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2022

Өртті өршітпей өшірді

Күннің аптап ыстығы әлі де басылмай тұрған Түркістан облысында жаз бойы дала өртінің орын алу жоғары қаупі сақталды. Күздің алғашқы күндері де бұл қауіп сейілмей тұр. Жуырда облыста 10 гектар жерде құрғақ шөп пен бұта өртенді. Дала өрті 8 сағат ішінде сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске 70 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылды.

Қоғам • 06 Қыркүйек, 2022

Қиындықты бірге еңсереміз

Қостанайдағы ағайынның басына түскен қиын жағдайды, әсіресе Арыс қаласы мен Мақтаарал ауданының жұртшылығы ауыр күйзеліспен қабылдады. Олай дейтініміз, бірінде оқ-дәрі қоймасы жарылып, екіншісінде су тасқыны болғанда тұрғындар төтенше жағдайды бастан кешкен-ді.

Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2022

Мыңнан астам сауда нүктесі өрттен жапа шекті

Аумағы 2 500 шаршы метр болатын базарда жұма күні таңға жуық болған өрт жетісайлықтарды әбігерге салды. Нақтырақ айтсақ, сағат 03:00-де Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» базарының аумағында ауданы 500 шаршы метр болатын жеке тұрған бір қабатты ғимаратта және ауданы 400 шаршы метр қалқаның астында орналасқан аумақтан өрт шықты. Өрт таңғы сағат 05:20-да ауыздықталып, 07:35-те сөндірілді.

Білім • 29 Тамыз, 2022

Биыл 34 мектеп пайдалануға беріледі

Түркістан облысында білім саласына бөлінген қаржы былтырғы жылмен салыстырғанда 11 пайызға өскен. Өңірде салынып жатқан 57 мектептің 34-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Үш ауысымды және апатты мек­теп­тердің мәселесін, оқушы орнының тап­шы­лығын жою мақсатында 2021-2025 жылдар аралығында облыс­та кезең-кезеңімен 199 мектеп салу жос­парланған.

Руханият • 29 Тамыз, 2022

Ясауи мұрасы насихатталады

Түркістанда құнды мұра, қасиетті орындар мен тұрақты туризм бо­йынша «Ескерткіштерді қорғайтын халық» тақырыбында халық­ара­лық конференция өтеді. Ауқымды жиынға Еуропа мен Түр­кі­тілдес – барлығы 15 мемлекеттің аты әлемге мәшһүр ғалымдары қа­ты­сады. Басқосудың мақсаты – ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауи­дің тұл­ғасын төрткүл дүниеге таныстырып, мұраларын насихаттау.

Білім • 26 Тамыз, 2022

Оқу-тәрбие жұмысы түзелді ме?

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұр­сын­ұлының «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» деген сөзі бүгін де өзекті. Ағар­ту­шы-ұстаз, ғұлама ғалым­ның осы бір өсиетті сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан бес жыл бұрын Сенат Төрағасы кезінде еске салған еді. «Мүмкін бұл маңызды саладағы реформалардың үз­діксіз жүргізілуін тоқтата тұру қажет шығар. Қандай жетіс­тікке жеттік, қайда келдік, неге қол жеткіздік?

Қазақстан • 25 Тамыз, 2022

Азық-түлік қауіпсіздігі – басты назарда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында Парламент Мәжілісінің отырысында ауыл шаруашылығында қордаланып қалған мәселелерге Үкімет пен әкімдердің назарын аударған болатын. «Алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәсе­лесін түбегейлі шешу қажет. Бұл Үкі­мет пен әкімдердің алдында тұр­ған негізгі басымдық екеніне айрық­ша назар аударамын. Егер нарық­та азық-түлік тауарлары мол бол­маса, инфляцияны ұстап тұруға ешқандай шара көмектеспейді», деді Мемлекет басшысы. Осы орай­­да дала жұмыстарына ерте кірі­сетін, бір алқаптан 2-3 өнім жи­­най­тын Түркістан облысы­ның ди­қандары азық-түлік қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етуге, ауыл­ша­руашылық тауарларының нарықта мол болуына өзіндік үлес қосып келе жатқанын айта кетелік.

Аймақтар • 25 Тамыз, 2022

Зейнеткер ауылына көпір салып берді

Немере-шөберелерінің алаңсыз мектепке барып-келуін ойлаған Әжекбар бүгінгі буынға үлгі боларлық іс атқарды. Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ақтөбе ауылының тұрғыны, зейнеткер Әжекбар Қорғанбеков жаяу жүргіншілер көп жүретін «Ақтөбе» каналының бойына шағын көпір салып берді.

Қазақстан • 22 Тамыз, 2022

Көтерілген мәселелер шешімін қалай табуда?

Газеттің өткен санында (19 тамыз, 2022 жыл) «Президент тапсырды: нәтиже қандай?» айдары аясында «Шаруаның шағымы» деген мақаламыз жарияланды. Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы төңірегінде көтерілген мәселеге қатысты аймақта атқарылған жұмыстарға тағы да тоқталуды жөн санап отырмыз. Өйткені Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жыл басынан бері өткізген кездесуінде талай өзекті сұрақ көтерілді. Ал мұндай аудандардың саны аймақта 1-2-мен шектелмейді.

Аймақтар • 19 Тамыз, 2022

Шаруаның шағымы: Халықпен кездесулерде мыңнан астам мәселе көтерілген

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тапты. Соңғы жылдары халықтың, азаматтық топтардың айтқанына құлақ асу еселеп артты деуге болады.