
Аймақтар • 11 Сәуір, 2025
«AL-FARABI» интеллектуалды ойынының үздіктері анықталды
Түркістан облысы көлемінде өткен «AL-FARABI» интеллектуалды ойыны өз мәресіне жетті. Төрт күнге созылған ауқымды шараның шешуші кезеңінде «Жастар рухы» командасы жеңіске жетіп, 1 млн теңге ұтып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 09 Сәуір, 2025
10 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды
Түркістан облысында «Қоныс аудару» бағдарламасы кең көлемде жүзеге асырылып келеді. Жаңа өңір – жаңа тыныс, жаңа кәсіп пен тұрақтылықтың кепілі болып саналатын бағдарлама аясында Жетісай мен Мақтаарал аудандарында жәрмеңке өтті. Оған ШҚО, Павлодар, Абай, Ұлытау, Қостанай, СҚО, Қарағанды облыстарынан арнайы келген делегация қатысып, 10 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2025
«Қажымұқан – әлем таныған тұлға» тақырыбында мәдени іс-шара өтті
Мәдени іс-шара Ордабасы ауданында Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 154 жыл толуына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2025
Түркістанда етті, майлы қойлардың V халықаралық көрмесі өтті
«Turkistan show arena» кешенінде өткен көрмеге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ингушития, Моңғолия, Молдова елдерінен мал шаруашылығымен айналысатын 200-ге жуық азамат және еліміздің өзге облыстарынан келген шаруалар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Сәуір, 2025
Түркістан жұрты Бекзат Саттархановты еске алды
Түркістанда жыл сайын 4 сәуір күні бокстан Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, «Барыс» орденінің иегері Бекзат Саттархановты еске алуға арналған іс-шаралар өткізіліп келеді. Оқушылар сарайында өткен, қазақ спорты тарихында есімі алтын әріппен жазылған боксшының жарқын ғұмырына арналған «Жарқ етіп сөнген 20 жас» кітабының тұсаукесері сол игі істердің бірі.
Оқиға • 28 Ақпан, 2025
Түркиялық медиа компания Түркістан туралы кино түсіреді
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Түркия мемлекетінің «Albayrak Media Group» компаниясының өкілі және «Yeni Şafak» газетінің халықаралық бөлімінің директоры Өмер Кабланмен кездесті. Тараптар Түркістан өңірін әлемдік деңгейде таныту мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайын кеңінен талқылады.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2025
Түркістан облысында 40 отбасы баспаналы болды
Түркістан облысы Қазығұрт ауылында 2 қабатты, 8 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Ауданға іс-сапармен барған облыс әкімі Нұралхан Көшеров тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасына жаңа пәтер кілттерін тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2025
Түркістандық ақсақалдар кәсіпкерлерді арақ-шарап сатпауға шақырды
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығы, қалалық басқарма мамандары сауда саласындағы кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, салық заңдылығын жан-жақты мысалдармен түсіндірген еді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Ақпан, 2025
Шымкенттік студент армрестлингтен «Әлем кубогін» жеңіп алды
Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында армрестлингтен өткен жарыста Шымкенттегі Жұмабек Ташенов атындағы университет студенті Нұрислам Амангелдіұлы «Әлем кубогын» жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 14 Ақпан, 2025
«Ақбикеш» мұнарасы қайта қалпына келтіріледі
Құрамына Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, облыс әкімдігі, реставраторлар, авторлық қадағалау мамандары және аталған ескерткішті бұрын зерттеген сарапшылар енген жұмыс тобы қайта қалпына келтіру жұмыстары кезінде қолданылған материалдардың бұзылу себептерін анықтау мақсатында бұйрығымен құрылған. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиеваның айтуынша, алдағы уақытта мұнараға консервациялық жұмыстар жүргізіледі.